Талдықорған: +13°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЖЕР САЛЫҒЫНАН КІМДЕРДІҢ БОСАТЫЛАТЫНЫН АЙТТЫ

26.02.2020
ЭКОНОМИКА
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЖЕР САЛЫҒЫНАН КІМДЕРДІҢ БОСАТЫЛАТЫНЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылды ойдағыдай аяқтады. Мемлекеттік бюджет кірістері болжамдағы көрсеткіштен асып, қазынаға мол қаражат түсті. Осы сала аясында атқарылған жұмыстар, алдағы кезде орындалуы тиіс міндеттер туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген СӘРСЕМБАЕВ әңгімеледі.

— Төлеген Қапсалықұлы, байқағанымыздай, өткен жылды жақсы қорытындыладыңыздар. Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы да алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама жоғары. Осы бойынша нақты көрсеткіштерге тоқталып өтсеңіз?

— Мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар былтыр 101,1 пайызға орындалып, 509,3 млрд.теңге түсім түсті. Жоспардан тыс 5,5 млрд.теңгеге артты. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 122,6 млрд.теңгеге артып, өсу қарқыны 131,7 пайызды құрды. Ал республикалық бюджет жоспары 100,3 пайызға орындалып, түсім көрсеткіші 283,3 млрд.теңгеге жетті. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 102,2 пайызға орындалып, 226,0 млрд.теңге түсім түсті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 111,7 пайызға жоғары.

— Ендігі әңгімені кедендік төлем мен салыққа қарай ойыстырсақ. Яғни, аталған салада да қол жеткізілген табыстар бар шығар?

— Әрине. Өздеріңізге белгілі, облыс бойынша шегара маңындағы алты өткізу пункті жұмыс жүргізеді. Осы ретте кедендік төлемдер мен салықтар бойынша өткен жылдың түсімдері өз нәтижесін көрсетті. Мәселен, былтыр кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 102,1 млрд. теңге түсіп,  бұл орайдағы көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 63,3 млрд. теңгеге артты.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белсенділігінің арқасында тауарларға 33 мыңнан аса декларация шығарылып, 374 мыңнан аса транзиттік декларация рәсімделді. Бұған шегарада, оның ішінде «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының кеден бекетінде кедендік бақылауды күшейту арқылы қол жеткізілді. Аталған кеден бекетінде бір миллион екі жүз мыңнан аса адам кедендік шегарадан өтті. Он бір мыңнан аса кедендік кіріс ордерлері рәсімделді, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,5 есеге артық. Сондай-ақ, 0,7 млрд. теңгеге кедендік төлем өндіріп алынды. Бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,5 есеге көп. Кедендік төлемдердің күн сайынғы түсімі 2 млн. теңгеден орта есеппен 11 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

— Мұндай нәтижелерге қалай қол жеткізілді?

— Бұған жүргізілген терең талдаумен бірге салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру жұмыстары ықпал етті. Есепті кезеңде екі мыңнан аса салықтық тексеру жүргізіліп, 13,9 млрд.теңге қосымша салық есептелді. Автоматтандырылған және қолмен камералдық бақылау шеңберінде 9,8 млрд.теңге сомаға 10 022 хабарлама шығарылды. Барлығы 17,4 млрд.теңгеге қосымша түсім қамтамасыз етілді, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджетке түскен түсімдер бар.

Бұл да алдыңғы жылға қарағанда 12,3 пайызға жоғары. Электронды шот-фактураларын енгізу арқылы сату айналымдарын ұлғайтқан салық төлеушілерді жедел анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге салық есептілігінің қосымша нысандары бойынша аванстық төлемдердің өсімі 2,5 млрд. теңгеге қамтамасыз етілді. Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау мақсатында төрт жүзден аса тексеру жүргізілді. Оның ішінде алкоголь, темекі, мұнай өнімдері бар. Ведомстволық бағыныстылығы бойынша алты жүзге жуық әкімшілік іс қозғалып, сот органдарына қарауға берілді, 91,6 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

2019 жылы жергілікті бюджетке түсетін қосымша кірістерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдармен өзара әрекеттесу туралы іс-шаралар жоспары өткен жылдың шілде айында облыс әкімі Амандық Баталовпен бекітілді. Осы бірлескен іс-қимыл жоспар аясында департамент бюджетке қосымша түсетін түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті және мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі жұмыстар ұйымдастырып, рейдтер жүргізді. Осы іс-шаралардың қорытындысына сәйкес 3,7 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

— Салық берешегін азайту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар бар ма?

— Берешекті азайту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Салық міндеттемелерін мерзімінде орындамаған борышкерлерге орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Қолданылған шаралар нәтижесінде қомақты қарыз өндірілді. Олар 2,9 млрд.теңгені құрады. Салық төлеушілердің банктік шоттарын тоқтату және инкассалық өкімдер арқылы 1,3 млрд.теңге, дебиторлар есебінде 0,2 млрд.теңге, мүлікті сату есебінде 46,9 млн.теңге өндірілді.  Салықтар бойынша барлық берешек биылдың бірінші қаңтарына 4,1 млрд.теңгені құрап, 7,3 пайызға төмендеді.

— Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзектілігі жайында көп айтылуда. Сіздерді электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі қандай және онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану жағдайы қалай болуда?

— Бүгінгі күні біз жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтердің 44 түрін көрсетеміз, оның 28-і салықтық, 16-сы кедендік болып табылады. Мұның ішінде 44 қызметтің 32-сі автоматтандырылған, 12-сі қағаз түрінде көрсетіледі. Департаментпен  мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың барлық бизнес топтарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету үлесін арттыруға ерекше назар аударылады. Көрсетілген 1 802 468 мемлекеттік қызметтің 1 605 357-сі электронды нысанда көрсетілді. Облыс бойынша 74 мыңнан аса бақылау-кассалық машина тіркелген, оның 71 мыңнан астамы онлайн бақылау-кассалық машина.

Онлайн бақылау-кассалық машинаны жаппай қолдану бойынша «Азаматтық бақылау» пилотын және «Түбіртекті талап ет те –жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясын өткізу арқылы ынталандыру шаралары қабылданды. Бұл акцияның 999 теңгелік түбіртегімен Қарағанды қаласының тұрғыны ұтып алып, жеңімпаз атанды.

— Жарияланған мораторийдағы тексерулер мен салықтық жеңілдіктер қандай субъектілерге қатысты?

— Өткен жылғы 26-сы желтоқсандағы ҚР Президентінің № 229 Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үш жылға тексерулер жүргізуге мораторий енгізілді, бұл микро-кәсіпкерлік субъектілеріне де қатысты. Табыс салығын төлеуден үш жыл мерзімге тек шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері ғана босатылды. Үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.

Осы нормаларға сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер төлеуге жататын корпоративтік (жеке) табыс салығының (төлем көзінен ұсталатынынан басқа) сомасын, әлеуметтік салықтың сомасын, бірыңғай жер салығының сомасын жүз пайызға азайтады.

Шаруа және фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын төлеуден босатылады. Сондай-ақ, патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үш жыл ішінде корпоративтік (жеке) табыс салығы мен әлеуметтік салық сомасын төлеуден босатылады.

Салық демалыстары 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге қолданылады. Жоғарыда көрсетілген босату ережелері Заңның 57-4 бөлімінде көрсетілген 16 қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілерге қолданылмайды. Бұл қатарда есірткі бизнесіне байланысты, акцизделетін тауарларды өндіру немесе көтерме сату, сыртқы экономикалық қызмет, тағы басқалары бар.

— Алға қойылған жоба-жоспарларыңыз да көп шығар? Осы ретте биыл іске асырылатын міндеттер туралы айтып өтсеңіз.

— 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Салықтар – бұл халықтың ақшасы, соның есебінен ұзақ мерзімді жалпы мемлекеттік міндеттер шешіледі: қорғаныс, білім беру, медицина», – деген болатын. Биылға арналған басым міндет – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы департаментпен бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттің жоспарын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына ұсынылатын салықтық және кедендік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасады.

Байқап отырғандарыңыздай, мемлекеттік кірістер органдарының алдында үлкен міндет тұр. Оларды кәсіпкерлердің, кәсіпкерлер палатасының, бизнес өкілдерінің және бүкіл қоғамның қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Департамент жанында 8-7282-24-35-22 сенім телефоны жұмыс істейді, оған әрбір салық төлеуші жүгіне алады.

— Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан — Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.