Талдықорған: +24°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ПРОБЛЕМА КӨП. ЖАҢА ӘКІМГЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР

19.02.2022
ЭКОНОМИКА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ПРОБЛЕМА КӨП. ЖАҢА ӘКІМГЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Қуат Сұлтанғазиевке облыс басшысы Қанат Бозымбаев тың міндеттер жүктеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Аз уақыт ішінде Әлібек Жақанбаев аймақтың экономикасын жақсартуға бар күш-жігерін салды. Қуат Елеусізұлы — осы ауданның тумасы. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбек тәжірибесін өндірісте тиімді қолдана білетін басшы. Енді Еңбекшіқазақ ауданының әрі қарай дамуына бар күш жігерін салады деп сенемін, — деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Ауданда 2021 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 53,5 млрд.теңгеге жетіп, ауыл шаруашылығында 2,2%-ке, инвестициялар 17,9%-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 24,5 %-ке ұлғайған. Шағын және орта бизнесте 137 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілді немесе былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 155%-ға асқан. Облыс әкімі атқарылған жұмыстарға қарамастан мұнда жедел шешуді қажет ететін проблемалар әлі де бар екенін айтты. Бірінші кезекте газбен және сумен қамту, жолдарды жөндеу, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері бар.

Ә.Жақанбаевтың айтуынша, суармалы сумен қамту өңірде өзекті. Аудан балансында тұрған көлемі 8 809 гектар алқаптың ұзындығы 251,7 шақырым болатын суару каналдарын қайта жаңарту керек. Бартоғай су қоймасы 1984 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал Үлкен Алматы каналына да күрделі жөндеу қажет. Осындай қиындықтардың салдарынан су шығыны 25%-ға жетті. Бұған жер учаскелерін субарендаға беру де кері әсер етіп отыр.

Жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстары да жалғастырылуы тиіс. Үш ауысымды оқыту мәселесі де маңызды. Ауданда бүгінгі күні үш ауысымдағы 5 мектеп бар, халық санының жылдам өсуін есепке алғанда алдағы жылдарда үш ауысымда оқытатын тағы 7 мектеп пайда болуы мүмкін. Ауданда 125 саяжай массиві бар, оларда 28 мыңдай адам тұрақты тұрады. Инфрақұрылыммен қамту, әсіресе сумен және газбен қамту ісі өзекті.

Облыс әкімі жаңа басшының алдына бірқатар міндеттер қойды.

— Есік көлі 9 ауылдық округ пен саяжайларды сумен қамтудың негізгі көзі болып отыр, яғни көлдің стратегиялық маңызы зор. Сондықтан оның мәртебесін анықтауымыз керек. Түрген топтық су құбырын коммуналдық меншікке өткізу туралы мәселеге келсек, қазір ол жеке кәсіпкердің меншігінде. Су құбыры нысаны өз міндетін лайықты деңгейде атқарып отыр ма, зерделеп қараңыздар. Қазір суармалы су тарифінің мәселесі Үкіметте қаралып жатыр. Біз өз тарапымыздан оны дифференцияланған тариф жасау туралы ұсынысымызды білдірдік. Ал минералды тыңайтқыштар бағасының өсуіне байланысты республикалық комиссия жұмыс істеуде. Бұл мәселелер көктемгі дала жұмыстары маусымының қарсаңында аса маңызды, — деді Қанат Бозымбаев.

Осы күні облыс басшысы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Айжан Талқабаева Бірлік ауылына жаңа мектеп салуды сұрады.  Әзірге  мұндағы балалар көрші ауылдағы мектепке барып оқып жүр. Оларды автобуспен тасымалдау жолға қойылғанымен, мектеп үш ауысымда оқытындықтан оқушылар үйлеріне жеткенше тым кеш болады. Есік қаласының тұрғыны Раушан Төпеловті де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы алаңдатады. Уәлиханов көшесінде жаяу жүргінші жолы жоқ, 3 шағын ауданның балалары мектепке суару каналын қоршап тұрған плиталармен жүріп барады. Облыс әкімі бұл мәселені әлеуметтік желіден оқығанын айтты. Бұл көшеге тротуар салуға қажетті 129 миллион теңгенің бастапқы 50 млн. теңгесі бөлініп, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталатыны айтылды. Мердігер мекеме анықталған.

Қабылдауда Қызылжар ауылының су жүйесінің ескіргені де айтылды. Осы мәселені көтерген ауыл тұрғыны Ерік Амановтан Қанат Бозымбаев ауылдағы ауыз су жайын толығырақ сұрастырып білді. «Ауыл су көзін тау суынан құбыр арқылы алып отыр, бірақ бұл су сүзілмейді. Әсіресе қыс кезінде судан қиындық көреміз», — деді Е.Аманов.

— Дәл қазір ауылда су бар ма? – деп сұрады Қанат Бозымбаев.

— Ауылда 4 мыңдай адам тұрады. Сусыз отырғанымызға 3 күн болды. Құбырда қатқан мұзды өзіміз ойып жатырмыз.

— Сусыз ауыл тұрғындары қиындық көріп отыр. Осы мәселені оңды шешетін қандай нақты жоспарларыңыз бар? – деді облыс әкімі аудан басшылығына қарата.

Олардың айтуынша, су жүйесі 1960 жылдары салынған, жобаның ЖСҚ-сы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңгеге бюджеттік сұраныс берілген.

— Ауданның жаңа тағайындалған әкімі осы мәселені назарға алсын. Бұл тұрғындардың бірінші жеткізіп отырған маңызды проблемасы. Халықтың көтерген мәселелерін сапалы шешкенде ғана елдің сеніміне кіресіз, — деді Қанат Бозымбаев.

Облыс әкімі «FROSCO», «Жетісу Вольфрам» ЖШС-лары басшыларының бизнес жобаларымен де танысты.

Сапар барысында Қанат Бозымбаев Есік өзенінің жағалауын абаттандыру және жөндеу жұмыстарымен көрді. Өзен жағалауында қала тұрғындарының демалуына шамамен 1 шақырым жерге балаларға арналған ойын алаңдары, воркаут, велотрек, жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңдары, 2 автотұрақ жасалып, маңайы көгалдандырылады. Жұмыстың алғашқы кезеңі жүріп жатыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026
Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

05.05.2026
Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.