Талдықорған: +14°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН, ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР КЕТІП ЖАТЫР

22.12.2021
ЭКОНОМИКА
ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН, ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР КЕТІП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

«ТАЭТК» АҚ кәсіпорны жайлы мақтанышпен айтуға болады. Бүгінде облыстың жетекші энергетикалық компаниясы Талдықорған өңірінің 323 елді мекенінде 200 мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді. 11 аймақтық электр желілері мен орталық өндірістік қызметтер маңызы бар электр энергиясымен қамтамасыз ете отырып, адамдардың игілігі үшін жұмыс істейді.

Жалпы, электр қуатынсыз өмірді елестету мүмкін емес. Алайда, мұндай күндерді халқымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бастан өткерді. Бақытымызға қарай, ол уақыт та артта қалды. Бүгінде аймақтағы барлық тұрғын үйлер мен кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар жарықпен қамтамасыз етілген. Электр энергиясын халыққа үздіксіз және сенімді жеткізу – ұйымның басты міндеті. Біз 12 мың шақырымнан аса электр беру желілеріне, 108 қосалқы стансыларға және 2 мыңнан аса трансформаторларға қызмет көрсетеміз. Бүгінгі таңда электр энергиясына тапшылық жоқ.

Айта кетейік, «ТАЭТК» компаниясы жыл сайын елде алғашқылардың бірі болып жылыту маусымына дайындық паспортын алады. Бұл қағида биыл да өзгермей, күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындалды. Бізде жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде де оқыту ұйымдастырылған. Техникалық-экономикалық мектепті мыңға жуық адам бітірді. Жеке бағдарламалар бойынша 155 маман өз біліктілігін арттырды. Нәтижесінде 150-ден аса маманға біліктілік разрядтарын жоғарылату берілсе, 316-сына рұқсат етілді. Кәсіпорын қызметінде жөндеу жұмысы маңызды орын алады. Биыл осы мақсатқа 455,2 млн. теңге бағытталды. Барлық жөндеу, пайдалану іс-шаралары мерзімінде сапалы жүргізілді. Бөлінген қаржы толық игерілді.

Күрделі және ағымдағы жөндеу қосалқы стансылардың электр желілері мен жабдықтарында апатсыз жұмыс атқаруға мүмкіндік берді. Күзгі-қысқы жағдайлар мен су тасқыны маусымында жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз және тұрақты бақылауда ұстаймыз. Электржелілік нысандарды көктемгі су тасқынынан қорғау үшін барлық қосалқы стансылар мен электр беру желілері, ғимараттар мен құрылыстар тексеріліп, күшейтілген бақылауға алынды. Сондай-ақ, қар көшкіні мен су тасқынынан шайылу, сел жүру, көшкін болуы мүмкін орындар анықталды. Көксу өзенінің ағысы бойынша №60 «Бақтыбай-Балпық Би», № 55 «Қарабұлақ – Балпық Би» ЭБЖ-35 кВ габиондарын орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Бірнеше қосалқы стансыларда су бұру арналары тазартылды. Осының бәрі энергия нысандарын бұзудан сақтауға жағдай туғызды.

Найзағай – біздің мамандар үшін жауапты кезең. «ТАЭТК» АҚ желілерін биылғы найзағай маусымына дайындау бойынша 64 іс-шара әзірленді. Трансформаторлық қосалқы стансылардағы және тарату пункттеріндегі жерге қосу құрылғылары тексеріліп, ауыстырылды. Шағын стансылардың электромагниттік үйлесімділігіне кешенді тексеру жүргізілді. Қосалқы стансылардағы тарату желісіндегі сыйымды тоқты өтеу құрылғылары тексеріліп, разрядтағыштарды артық кернеуден ауыстыра отырып, сынау жүргізілді. Жоспарланған барлық іс-шараны орындау электр желілік нысандарында апаттық жағдайсыз жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Облыс энергетиктері үшін күзгі-қысқы кезеңнің маңызы зор. 2021-2022 жылдарға оның сәтті өтуіне ықпал ететін 132 іс-шара жоспарланған. Олар қосалқы стансылардың электр желілері мен жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуді уақытылы аяқтауға, автокөліктерді, арнайы техниканы, ғимараттарды, құрылыстарды, бокстар мен гараждарды күзгі-қысқы жұмысқа дайындауға бағытталған.Барлық қосалқы стансыларда коммутациялық аппараттардың автоматикасын сынау, трансформаторлық майды май толтырылған жабдыққа құю, қысқы жағдайда жұмыс істеу үшін 35 кВ және одан жоғары қосалқы стансылардың барлық күштік трансформаторларының кернеу деңгейін реттеу жүргізілді.

Аталған жылдардағы жүктемелердің күзгі-қысқы максимумынан сәтті өту үшін жергілікті жерлерде электр жабдықтары мен материалдық ресурстардың авариялық қоры құрылды. Бөлімшелермен электр желілік жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін 195 бірлік автокөлік және арнайы техника дайындалып, іске қосылды. Биыл жабдықтарды жаңғыртуға 690 млн. теңге бөлінді. Жұмыс жоспарына өңірдегі қосалқы стансылардағы тарату желілерін жаңарту, сондай-ақ, Жаркент қаласындағы төменгі деңгейдегі ЭКЕАЖ жүйесін енгізу кірді. Жұмыс кесте бойынша жүреді және жабдықты жұмыс күйінде ұстауға мүмкіндік береді.

Айта кетейін, біздің кәсіпорынға мемлекеттік қолдау қажет. Осы бағытта бірқатар өзекті проблемалар бар. Ол жалақы мәселесі. Кәсіпорында жалақы төмен. Бекітілген тарифтік смета шегінде биылғы 1 қаңтардан бастап өндірістік персоналдың жалақысы біраз өсті. Десе де, бұл аз. Статистикаға сәйкес, облыс бойынша орташа жалақы — 172 мың теңге. Облыс бойынша электр энергетикасы саласында 150 мың теңге, ал «ТАЭТК» АҚ өндірістік персоналының орташа жалақысы биылғы 1 қаңтардан бастап арттырылғаннан кейін 86 650 теңгені құрайды (егер, осы сомадан зейнетақы қорына салықтар мен төлемдерді шегеріп тастасаңыз, жалақыдан қолға 70 мыңға жуық теңге тиеді). Кәсіпорында жалақының төмен болуына байланысты жылдан-жылға кадрлардың ауысуы артты.

Бізде кадрлық әлеует төмендеп барады, тәжірибелі мамандар кетіп жатыр. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін компанияның оқу орталығында компания қаражаты есебінен 3 айлық кәсіптік оқу курсы ұйымдастырылып, кейіннен жұмысқа орналастырылып, шәкіртақы төленеді. Жыл басынан бері 15 адам оқудан өтіп, бізге жұмысқа қабылданды. Тарифтің жыл сайынғы өсуі қазіргі күрделі жағдайдан шығуға мүмкіндік бермейді. Өйткені, негізгі бөлігін энергия көздеріндегі тарифтердің өсуі жейді. Сонымен бірге, электр желілерінің тозуы маңызды мәселенің қатарында. Жыл сайын ең ескірген және апаттық учаскелер жөнделеді. Толық жаңғырту үшін шамамен 50 млрд. теңге қажет. Қаржыландыру болған жағдайда, біз желілер мен жабдықтарды жетпіс жыл ішінде жаңарта аламыз. Электр желілері өздерінің нормативтік ресурстарын пайдаланды. Электр желілерінің тозуының жоғары деңгейі – бұл апаттың артып, сенімнің төмендеуіне, сондай-ақ, жаңа тұтынушыларды қосудың мүмкін еместігіне әкеледі. Осының бәрі қарапайым тұтынушының қалтасына кері әсерін тигізеді.

Сөз соңында энергетика саласына еңбек сіңіріп, талмай қызмет атқарып жүрген барлық әріптесімді және сала ардагерлерін өткен Энергетиктер күні мерекесімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осы азаматтардың арқасында ұжымның үйлесімді жұмысы қалыптасып, жетістікке жетуге ықпал етті. Алдағы уақытта да алар асуымыз көп болсын!

Серік ДЕМИДОВ,

«ТАЭТК» АҚ басқарма төрағасы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.