Талдықорған: +14°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

IT-технопаркі құрылады

24 тамыз 2017
ЭКОНОМИКА
IT-технопаркі құрылады
WhatsAppTelegramFacebook

«ЭКСПО – 2017»  көрмесіндегі Жапония павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты. Көрменің алғашқы күндерінде мұнда келушілер саны шамамен 6000-ға жеткен еді. Тамыз айы басталғалы күніне 8000 адам тамашалауда. Жапон павильонының 500000-шы қонағы Қостанай облысы, Рудный қаласынан келген Нұрым Аманғараев және оның отбасы болды.

Ауғанстан халқы да Астана төрінде бейбітшілік шуағын сезіне отырып Ұлттық күнін атап өтті. Шара аясында сол елдің «ANIM» музыкалық-аспапты ұжымы өнер көрсетсе, «Жібек жолы» плазасы маңында жұртты бейбітшілікке шақыратын әскери шеру ұйымдастырылды. Сенегал мемлекетінің Ұлттық күні аясында халық кора, джамбе және балафон аспаптарының сүйемелдеуімен «Сафари» тобының қойылымы мен дәстүрлі билерін тамашалады. Ал арғы тарихын Алтай тауларынан өретін мажарстандықтар Ұлттық күні аясында қазақ топырағына деген сағынышын паш етті.
 Мажарстан – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан Еуроодақ кеңістігінде Мажарстан мемлекетін маңызды стратегиялық, сауда-экономикалық серіктес деп біледі. Қазіргі таңда Мажарстанның жетекші компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда. Биыл екі ел дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар аралығында барлық салада екіжақты ынтымақтастық нығайды. 
Тағы бір айта кетерлігі,  «ЭКСПО – 2017» көрме қалашығында IT-технопаркі құрылатындығы ресми түрде белгілі болды. IT-парк құру идеясы әлем бойынша кеңінен тараған. Мысал ретінде АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Силикон алқабы», Дания мен Швециядағы «Медикон алқабы», Ұлыбританиядағы Кембридж,  Ресейдегі Сколково, сондай-ақ, Белоруссиядағы Жоғары технологиялар ғылыми паркін атауға болады.
Елімізде IT-орталықтың ашылуы қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлердің шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасап, мультипликативтік әсер бермек. Жаңа технологиялар – бұл шағын және орта бизнестің жаңа түрлері, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары. Қарапайым қазақстандықтар IT-өнімдері арқасында табыс табудың мүмкіндігіне ие болады. Еңбек нарығы өзгеріп, білікті жұмысшыларға сұраныс артады.  Көрме аумағындағы алаң қазақстандық инновациялық орталықтың «альма матеріне» айналады.
«Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің айтуынша, қазақстандық стартапперлерге технологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Соның ішінде халықаралық қаржы орталығынан тікелей шетелдік инвестициялар тартылып,  «Nazarbaуev University» арқасында жаңа кадрлармен қамтамасыз етілмек.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.