Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖӘНЕ ЕГІН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАСТАЛДЫ

29.11.2024
ЭКОНОМИКА
КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖӘНЕ ЕГІН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы жақында өткен агрофорумда агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсімнің негізгі күштерінің бірі саналатынын атап өтті.


Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдауда. Қазақстанда премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.

Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.

Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды. 

684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды.

Тағы 509 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады.

Өтінімдердің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының фермерлерінен келіп түсті.

Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды, бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады. Бұдан басқа, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.

Консультация алу және өтінімдер беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.