Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР. ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ӨСІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҚОЙҒАН МІНДЕТІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН БАРЫН САЛАДЫ

21 маусым 2024
ЭКОНОМИКА
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР. ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ӨСІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҚОЙҒАН МІНДЕТІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН БАРЫН САЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов экономиканың 6% деңгейінде өсуіне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы айтты.


Оның айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайға және негізгі сауда серіктестерінің ағымдағы жағдайына қарамастан, Үкімет Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады.
 
Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсудің оң көрсеткіштері құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді. Жаппай су тасқынына байланысты саудада белгілі бір төмендеу байқалды. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл саладағы өсу динамикасы белсенді түрде қалпына келтірілуде.
 
➤ Жалпы, Үкімет экономиканың өсуінің негізгі нүктелері ретінде құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу және АӨК бөледі. Бұл салаларға басым қолдау көрсетілетін болады.

Үкімет «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражатын, экономикадағы басым жобаларды қаржыландыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капиталды белсенді тартады. «Бәйтерек»  желісі бойынша биыл жобаларды 3 трлн теңгеден астам сомаға, «Самұрық-Қазына» қаражаты есебінен – 700 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жоспарланып отыр.
 
Нақты шаралар:
 
– құрылыс саласында кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда;
– «Отбасы Банкі» — «Отау» және «Наурыз» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларын іске қосты. Ол бойынша 64 мың адамнан өтініш қабылданды;
– жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қосымша 272 млрд теңге бөлінді;
–12 мың шақырымнан астам автожолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарланған – бұл рекордтық сандар;
– 13 арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтардың аумақтары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады;
– жаңа газ желілерін салу есебінен қосымша 87 елді мекенді газдандыру жоспарлануда;
– газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысы жүргізілуде;
– отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін ұлттық режимнен алып тастау тізбесі 4 есе кеңейтілді. Егер жыл басында тізбеде шамамен 1 мың тауар болса, қазір онда 4 мыңнан астам тауар түрі бар.

 

«Бұл біз қазір жүзеге асырып жатқан негізгі ауқымды шаралар. Олар экономиканың өсуін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қатысты жаңалықтар

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23
Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.