Талдықорған: +19°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘРБІР ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТЕГІН 10 СОТЫҚ ЖЕР АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

26.04.2022
ЭКОНОМИКА
ӘРБІР ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТЕГІН 10 СОТЫҚ ЖЕР АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ. ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу үшін egov.kz арқылы кезекке тұруға болады. Бұған дейін ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін қазақстандықтар әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын. Онда кезек ретінің дұрыс жүргізілмеу қауіпі болатын. Ол кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақытты алатын. Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды.

Жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, eGov.kz-те оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Осылайша, әрбір қазақстандықтың құқығы бар 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады.

Әкімдіктер берген тізім цифрланып, электронды форматқа ауыстырылды. Жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен ілгері қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады. Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады.

Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:

кезекке қою;
деректерді өзектендіру;
кезектен шығару.

Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын аймақты таңдайсыз.

Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда «өзектендіру» өтініш түрін таңдауыңыз қажет.

Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және тағы басқа көшірмелері) жүктеу қажет. Сондай-ақ кезек ретін мына сайтта ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, бақылап отыруға болады. Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін «Шығару» өтініш түрін таңдау қажет.

Егер азамат бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елдімекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болмаса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда берілетін болады.

Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алуға ниеттенсеңіз, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден жер бір рет қана берілетінін, қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын қазақстандықтар ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін жергілікті атқарушы органдарға, яғни, әкімдіктерге жүгінетін. Олар тек өз аймағының жерлерін таңдай алатын. Кезекте тұрғандардың тізімі де тек әкімдіктерде сақталатын.

ҚР Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.