Талдықорған: +26°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛДЫҚОРҒАНДА 16 ҚАБАТТАН ТҰРАТЫН ТАҒЫ 10 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРМЕК

07.05.2021
ЭКОНОМИКА
ТАЛДЫҚОРҒАНДА 16 ҚАБАТТАН ТҰРАТЫН ТАҒЫ 10 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРМЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы жыл өткен сайын құлпырып келеді. Оған заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан әдемі ғимараттар мен алыстан менмұндалайтын көпқабатты тұрғын үйлердің көбеюі дәлел. Жасыл желекпен көмкерілген Алматы облысы орталығының абаттандырылуына, көгалдандырылуына, сондай-ақ, жарықтандырылуына да айрықша көңіл бөлінуде. Ел игілігі үшін жасалып жатқан шарапатты істер алдағы уақытта да жалғасып, шаһар қонақтары тамашалайтын орындардың саны артпақ. Тағы бір маңызды жаңалық, Талдықорғандағы жаңа шағынаудандардан 16 қабатты он тұрғын үй салынады.

Бұл туралы облыс әкімдігінде қаланың кескін-келбетін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоба-жоспарларды таныстыру барысында жан-жақты айтылды. Осы ретте атқарылып жатқан жұмыстар тұрғысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов, «Урбан-Стиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева, «Сайман корпорациясы» ЖШС бөлім басшысы Әрсен Байкенов, тағы басқаларының ой-пікірлері тыңдалып, егжей-тегжейлі талқыланды. Осыған байланысты облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ шаһарды заман талабына сай өркендету бойынша мамандар айтқан ұсыныс-тілекке құлақ асып, жобаға қатысты ұтымды ақыл-кеңес берді, кемшін тұстарын түзетуге ой қосты.

Алдағы уақытта іске асырылуы тиіс жоба-жоспарларды әңгімелеу барысында 8-ші шағынаудандағы тұрғын үйлердің және шаһардың кіре берісінің оң жағында орналасқан 9, 10 шағынауданда бой көтеретін 16 қабатты он алып тұрғын үй құрылысының жобалары ұсынылды. Бұл баспаналар Салтанат сарайының маңынан орын теппек. Үйлердің төменгі қабатында коммерциялық нысандар болады. Дәркен Нұржановтың сөзінше, аталған құрылысты «BI Group» компаниясы қолға алмақ. Құрылыс жұмыстары жаз айында басталып, бірқатары келесі жылдың соңында мемлекеттік бағдарламалар арқылы пайдалануға беріле бастайды деп көзделіп отыр.

Қаратал шағынауданы мен Жансүгіров көшесі бойында қала көркін бұзып тұрған ескі үйлер көптеп табылады, оған жапсарлай салынған құрылыстар да сан алуан. Осыған қатысты ойын жеткізген әкім көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы бұрышқа жабыстырып, қабыстырып нысан салуға болмайтынын қадап айтты. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол берілмеуі тиіс екенін құрылысқа жауапты тұлғаларға қарата айтып, назарға салды. Қала құрылысын жүргізгенде алдымен бас жоспарды көңіл бөліп, жобадан ауытқымау қажеттігін атап көрсетті.

Көп ұзамай, жоғарыда аталған ескі үйлердің қасбеттері жаңаланып, заманауи үлгіде жасалатын болады. Жоспарланған бұл істер келесі жылдан бастап жүзеге аса бастайды. Сонымен бірге, өркениетті сауда нүктесі бой көтереді. Амандық Ғаббасұлы әсіресе, қала тұрғындарының алаңсыз демалып, серуендеуіне ыңғайлы орындардың талап үдесінен шығатындай етіп жасалуына ден қоюды тапсырып, жобалаушылардың есіне салды. Бір сөзбен айтқанда, ұсынылған жоба-жоспарлар облыс басшысына ұнады және ол қала әкіміне тапсырмалар беріп, лайықты инвестор табуды міндеттеді.

Талдықорған Ұлы Жібек жолында жатыр. Осының белгісі ретінде Алматыдан кіреберістегі айналма жолда «Керуен» деп аталатын архитектуралық композиция орын теппек. Осылайша, тоғыз түйе тоғыз жолдың торабын әрлендіре түспек. Коттедж қалашығындағы көшелердің жарықтандырылуы да жақсарады. Бұл істі «Сайман корпорациясы» ЖШС жүзеге асырмақ. Осыған орай, ақылды жарық жүйесі жобасы ұсынылды. «Біз коттедж қалашығын зерттедік. Шам көп, жарығы шамалы. Біздің жоба ондағы 891 көше шамын 537-ге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Диодты жарық шамдар самаладай жарық әрі бюджет шығынын азайтуға септігін тигізеді. Бұған қоса, Назарбаев, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелеріндегі жарықты да жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз», — деді Әрсен Байкенов.

Бұған қоса, шаһарда тірі алма ағаштары алаңқайлары мен су бұрқақтары кешенін ашу идеялары талқыланды. Амандық Ғаббасұлының жеке идеясынан туындаған «Аялы алақан» жобасы да жиналғандарды таңғалдырды. Әкімнің айтуынша, бұл індетпен күрескен дәрігерлерге алғыс ретіндегі белгісі. Алдағы бір, екі айда ол инфекциялық аурухананың алдында орнатылатын болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026
Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

02.05.2026
Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.