Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«ТАЛҚЫЛАЙТЫН БОЛАМЫЗ». ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҰЙҒЫР АУДАНЫНА БАРДЫ

20.12.2021
ЭКОНОМИКА
"ТАЛҚЫЛАЙТЫН БОЛАМЫЗ". ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҰЙҒЫР АУДАНЫНА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданында да болды. Осы сапарында әкім салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын барып көрді. Агроөнеркәсіп кешені нысандарында болып, ауқымды инвестициялық жобалармен танысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ауданда «Прима Құс» ЖШС-ның құс етін өндіріп, өңдейтін кешенін ашу жоспарланып отыр. Нысан 2022 жылдың қазанында алғашқы өнімін шығарады деп күтілуде. Экспортқа бағытталған кәсіпорын үш кезеңмен іске асырылады. Оған барлығы 97 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1500-дей жұмыс орны ашылады. I кезеңінде құрама жем зауыты, 24 тауық күрке, инкубатор, бройлер семіртетін 2 алаң салынады. Бұл ретте негізгі трассадан құс фабрикасына дейін жол төсеуге мемлекет қолдауы қажет. Сол сияқты жергілікті кадрлар даярлауда, инкубациялық жұмыртқа өндірісін кеңейту үшін қосымша жер учаскесін бөлуге де көмек керек. Қанат Бозымбаев айтылған осы мәселелерді зерттеуді тапсырды. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардан маман даярлау барысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып ұйымдастыруды ұсынды.

Облыс басшысы жұмыс істеп тұрған «OTAN «Green Food» ЖШС-ның «Aiser» құс фабрикасына да барды. Бұл нысан жылына 30 мың тонна құс етін өндіреді. Оны іске қосу барысында 20 млрд. теңге инвестиция тартылған, 1200 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімі акционерлерге құс фабрикасының қуатын 50 мың тоннаға дейін арттыруды ұсынды. Олардың өз шикізатынан соя өсіріп, құс азығын өндіруге керекті жер учаскесін бөлу туралы өтініштеріне қолдау білдіретінін айтты. Облыс басшысы жер телімін бөлу мәселесі шешілгенше компания басшылығы өз тарапынан жобаны дайындай беру керектігін де жеткізді.

Қанат Бозымбаев өңірдегі бақ шаруашылығына да назар аударды. Бақ өсіру – ауданның басымдық беріп отырған бағыттарының бірі. «Шонжы Агро» ЖШС-ның 500 га жерінде өрік пен қара өріктің түрлі сорттары, шие мен шабдалы өсіріледі. Бақтан 7 мың тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр. Кәсіпорын директоры Ділмұрат Қайырбеков бақ суаруда судың үздіксіз және дер кезінде берілуі маңызды екенін айтты. Ол үшін көктемге дейін каналдарды ағымдағы жөндеуден өткізу керек. Бұл ретте Қ.Бозымбаев қажетті көмек көрсетуді аудан әкіміне тапсырды.

Облыс әкімі құрылысында қиындықтар туындаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын барып көрді. Шонжыда тұрғызылып жатқан бұл нысан мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, алдағы жылдың қазан айынан кешіктірмей қолданысқа беріледі. Қанат Алдабергенұлы болашақта мұндай жобаларды жоспарлаған кезде шығынын азайтып, пайдалы алаң көлемін арттырып, спорт нысандарының типті жобаларын дайындау керектігін ескертті.

Сапар барысында Қанат Бозымбаев аудан активімен жүздесіп, өңірдің даму жағдайы туралы мәселелерді бірлесіп талқылады. Аудан әкімі Шухрат Нурахунов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға қысқаша тоқталды. Сол сияқты Алматы облысының Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов және басқа да азаматтар ауданның ауылшаруашылық әлеуетін тиімді пайдалануға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиын қорытындысында облыс әкімі елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамту, тозығы жеткен ауызсу жүйелерін жаңғырту, азық-түлік өндірісіне инвестиция тарту, ірі қара малын өсіру, сүт өндірісінің төмендеуіне жол бермеу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне қатысты тапсырмалар берді.

– Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығына негізделген өңір. Сондықтан аграрлық салаға инвестиция тарту ең маңызды басымдықтардың бірі болуы керек. Бұл ретте суару жүйелерін жөндеу, суармалы жерлерді айналымға қосу және басқа да аудан тұрғындары тарапынан бүгінгі айтылған ұсыныстарды ескеріңіздер. Қаңтар айында осы ауданның проблемаларын, оны шешу бағыттарын облыс әкімдігінің отырысында талқылайтын боламыз. Қандай ресурстар керек, қанша қаржыны талап етеді, қанша уақытта іске асырылады – соның бәрін бірлесіп анықтаймыз, – деді Қанат Бозымбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.