Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Туристерді қабылдауға дайын

31.03.2023
ЭКОНОМИКА
Туристерді қабылдауға дайын

«Қорғас» ШЫХО» АЭА БК (басқарушы компаниясы)» АҚ инвестициялар және маркетинг департаментінің директоры Әсет Байғараевтың бастауымен туристер қабылдайтын орталықта атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып қайттық.

Департамент директорының айтуынша, «Қорғас» ШЫХО пандемияға байланысты 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жабылып, карантин кезінде ғимараттың өткел бөлігіне кең көлемді жөндеу жұмысы жүргізіліпті. Екі бөлімнен тұратын өткізу залында туристерді жайлылықпен қамтамасыз етуге арналған терминал қайта жабдықталып, еден толығымен  жаңартылған. Темір қоршаулар шыны бөлімге ауыстырылып, әрбір паспорттық бақылау кабинасына тепловизорлар қойылыпты. Туристердің кедергісіз өтуі үшін  «Блок-А» залына  кірер алдында турникеттер орнатылған. Кеденнен ақылы өтуді қалайтын туристер үшін бизнес-терминал (VIP терминал) жасалған. Залды кондиционерлеу жүйесі жаңартылып, туристер мен жүктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақ жарықтандырылып, бейнекамералар орнатылған.

Орталық қайтадан ашылғаннан кейін «Қорғас» ШЫХО-ға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, ТМД және басқа елдерден туристер көптеп ағылатыны ақиқат. Сондықтан орталық қызметі барлық бағытқа жетілдіріліп цифрландырылып, келушілерді қабылдау сапасының деңгейін арттыруға әрекеттенуде. ШЫХО аумағында автокөлік кептелісін болдырмау мақсатында автоматтандырылған тұрақ жүйесін әзірлеуді, жолаушылар залында ана мен бала үшін бөлек бөлме, банк бөлімшелері, дәріхана, пост-терминал, банкомат, дүкен, кофехана және намаз оқитын орын қарастырылған. Сондай-ақ, Арбат, сауда орталықтары, қонақүй кешені, фуд-корт, түрлі ұлттық тағамдар мейрамханасы сияқты туристердің уақытты жайлы және қызықты өткізуіне  қолайлы орындарда бар.

–  Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қытай тарапымен бірлескен этнофестиваль, Қазақстан тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін және халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізу жоспарлануда. Қазір халықаралық орталықты дамытуға бағытталған көптеген жоспар мен идея жүзеге асуда. Өткел залдарында кезектің алдын алу үшін келушілерге билеттерді онлайн сатып алудың жеңілдетілген жүйесі әзірленбекші. Билеттің құны бір адамға шамамен 3000 теңгені құрайды. Орталық ашылғаннан кейін күніне шамамен 3 мың адам қабылдауға мүмкіндік қарастырылған. Басқарушы компания 2023-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірледі, – дейді орталықтағы инвестициялар және маркетинг департаментінің директоры Әсет Байғараев.

Осы стратегия шеңберінде Даму тұжырымдамасы сауда-туристік кластерді дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, сауда орталықтары, қонақүй, ойын-сауық кешені, көрме орталығы және сол сияқты басқа да инвестициялық жобалар көзделген «Қорғас» ШЫХО» АЭА бас жоспары нақтыланады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін инвесторлар тартуды жоспарлап отыр. Ашықтық қағидатын ұстанады және келіп түскен барлық жобаны барынша объективтілікпен қарастырады. ҚР аумағында тұратын әр азамат биылғы 1 сәуірден бастап орталықтан айына бір рет құны 500 еуродан аспайтын 25 келі тауарды баж салығынсыз әкете алады. Ал көрсетілген мөлшерден асқан әр келі тауар үшін  4 еуро көлемінде салық төлеуге міндетті. Қысқасы, орталық саяхатшыларды қабылдауға сақадай сай.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.