Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жаңа жобалар іске асуда

03.12.2024
ЭКОНОМИКА
Жаңа жобалар іске асуда

Күреңбелдіктер биылғы жылды ойдағыдай аяқтап келеді. Оған өңір экономикасының барлық саласындағы өсімді негіз етіп айтуға болады.

Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов баяндап, тілшілер сұрағына жауап берді. Бүгінде аудан экономикасының өрістеуіне үлес қосып отырған 9 өнеркәсіп орны бар. Соның ішіндегі ең ірісі «Алацем» ЖШС. Биылғы 10 айда аталған серіктестіктің үлесі 89,2 пайызды құрап, заттай 1248 мың тонна цемент өндірген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біраз жоғары. Айта кетейік, биыл бұл зауыт құны 1 млрд. теңгені құрайтын 37 шақырым технологиялық жол салуды жоспаралап отыр. Жұмыс келесі жылдың көктемінде басталып, жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал орта кәсіпорын саналатын «Жетісу энерготрейд» ЖШС-нің үлесі 4 пайыз, яғни, 1 255,8 млн. теңгеге электроэнергия тарату жұмысы атқарылған. Жалпы, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 31 млрд. 48 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 119,2 пайызға орындалған.

2027 жылы ауданда кен байыту комбинаты іске қосылады деп күтіліп отыр. Ал одан жылына республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салық мөлшері 35-45 млрд. теңгені құрап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қоспақ. Сондай-ақ, қазір «Жетісу Терминал» ЖШС сыйымдылығы 15 темір жол вагонын құрайтын терминал салу жұмысын жүргізуде. Жоба келесі жылы жүзеге асып, 50 шақты адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп болжануда. Бүгінде жер телімі тегістеліп, дайындық жүргізілуде. Энергетика саласы бойынша «ALACEM ENERGY» ЖШС-нің 110 киловольттық, ұзындығы 14 шақырымды құрайтын әуе электр желілерінің құрылысы іске асуда. Жоба биылғы желтоқсанда іске қосылады деп көзделуде.

Көктал өзені бойындағы «Жарық Энерго» ЖШС су электрстансысы 3 каскадттан тұрады, жалпы қуаттылығы 37 мегаватт, сметалық құны 27 млрд. теңге. Бұл жоба 2021-2026 жылдары жүзеге асырылады. Бұған қоса, өңірде «DARA INTERNATIONAL» ЖШС екі жанармай құю бекетін салуды көздеп отыр. Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдары аяқталады деп күтілуде. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер «Виршки И.А.» Көксу ауылдық округінде «Шаңғы» базасын және Көксу өзенінде «Рафтинг» демалыс аймағын салып, 20 шақты адамды жұмыспен қамтымақ.  

Күреңбелдіктер ет, сүт және жұмыртқа өндірісін де ұлғайтқан. Сондай-ақ, аудан аймақтағы негізгі астық өндіруші өңірлердің бірі десек, дәнді дақылдардан көңілге қонымды өнім жинапты. Ал бағалы дақыл саналатын қант қызылшасына заманауи технология қолданыла отырып, 877 гектарға себілген. Ауылдықтар бүгінде оның басым бөлігін жинап, ойдағыдай өнім алуда. Қант зауытына жалпы 42 мың тонна тәтті түбір өткізу жоспарда бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша былтыр 281,4 млн. теңгеге 52 шағын несие берілген, ал биыл 167,7 млн. теңгеге 22-сі мақұлданыпты. «Кең дала-2» жобасы бойынша 6 ауылдық округтен 10 шаруа қожалығы 291 млн. теңгеге несие алған.

2022-2024 жылдары ауданда 161,9 мың гектар бос жатқан жер анықталып, оның 70 пайызы қайта айналымға енгізіліп, 49,2 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұған қоса биыл 7,4 мың гектар жерді пайдаланбай отырған 6 шаруашылық анықталып, 1 жыл мерзімге нұсқама берілген. Жер – мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда, келесі жылы мемлекет меншігіне қайтарылады. Ауыз су мәселесі де ретімен шешімін тауып келеді. Аудандағы 63 елді мекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда тұрғандарды үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында бірнеше жоба дайындалып, қаржыландырылған.   

 

Қысқа-нұсқа: 

* Биыл 18 елді мекенде 4,4 млрд. теңгеге газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

 

*«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша былтыр 281,4 млн. теңгеге 52 шағын несие берілсе, биыл 167,7 млн. теңгеге 22-сі мақұлданды.

 

*«Кең дала-2» жобасы бойынша 6 ауылдық округтен 10 шаруа қожалығы 291 млн. теңгеге несие алды.

 

* 2022-2024 жылдары 161,9 мың гектар бос жатқан жер анықталды.

 

* Қант зауытына жалпы 42 мың тонна тәтті түбір өткізу жоспарда бар.

 

* Сарыөзек ауылы тұрғындарының 27,1% ғана газға қосылған.

Айгүл Байбосынова

Фото: swalker.ru

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.