Жаһандық бәсеке дәуіріндегі спорт – мемлекеттің қауқары, ұлттық кодтың айқын көрсеткіші. Халықаралық аренадағы әр жеңіс – түптеп келгенде, елдік сана мен жүйелі еңбектің жемісі. Әр медаль – күнделікті ауыр жаттығудың, қатаң тәртіп пен жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Ал оның жеңісі – туған жердің, барша жанкүйердің ортақ мәртебесі. Сол секілді елдің дамуына, өңірдің өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың негізгі ұстанымы.
Ұлттық кодты сақтап, жаңа заман талабына сай даму үшін елдік істе бірлік қажет. Саяси үдерістерде, ел тағдыры шешілетін маңызды басқосулардан тыс қалуға, оған бей-жай қарауға болмайды. Әр азамат Құрылтай жұмысына үн қосып, дауыс беріп, ортақ шешімге атсалысуы – азаматтық борыш.
Еліміздің ертеңі – өз қолымызда.
Мереке Тілебалды
Талдықорған қаласының тұрғыны





