Талдықорған: +23°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Кандагардағы қайғылы оқиғалар

22.08.2024
ІЗГІЛІК ІЗІ
Кандагардағы қайғылы оқиғалар

Кезіндегі Ауғанстан жерінде өткен соғыс Кеңес әскері құрамында азаматтық борышын өтеуге аттанған талай жасты қыршынан қиғаны анық.  Қанды майданға, жалпы, қазақ даласынан 22 мыңнан астам жауынгер аттанса, оның  3701-і  Жетісу өңірінен. Солардың бірі қазіргі Талдықорған қалалық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы  Мұхтар Ахыметжанов. Соғыс ардагері бізге арнайы сұхбат беріп, Кандагар қаласы маңындағы қарулы қақтығыстарда өз көзімен көрген қайғылы оқиғаларды ерекше күйзеліспен еске алды.

 – «Тіршілікте жаныңа жазылмастай жара салған оқиғаларға қалайша қамықпай тұра аласың? Себебі, жат ел, жат жерде біраз отандасымыз оққа ұшып, кейбірі аяқ-қолынан айырылып,  өмірлік мүгедектік күйге түсті. Тіпті, тағы біразының күні бүгінге дейін өлі- тірісі белгісіз із-дерексіз кетті», –дейді ол.

  • Мұхтар Әбдіқасұлы, жалпы сіз Ауған соғысына қалай аттандыңыз? Жолға шығар сәтте бойыңызда оққа ұшып, өліп қалам-ау деген ешбір қорқыныш сезімі болған жоқ па?
  • Ол кезде менің 18 жасқа енді ғана толған жалынды жас кезім еді.Өзім 1963 жылдың 5 сәуірінде дүниеге келгем. 1981 жылдың 4 сәуірінде яғни, туған күніме бір күн қалғанда сол кездегі Талдықорған облысы Алакөл ауданынан әскер қатарына шақырылып, Үштөбе қаласына келдім. Ондағы дәрігерік тексеруден өткеннен кейін  бізге бірден Ауғанстанға  барасыңдар деп бұйырды. Сонымен Іле ауданына барып, әскери киім кидік. Жастығым болар, бойымда соғысқа бара жатырмын-ау  деген қорқыныш,  үрей мүлде болған жоқ. Жәй ғана өзімді көппен бірге әскерге аттанып бара жатқан жандай сезіндім. Осыдан соң бізді Түрікменстанда екі ай жаттықтырып, Ашхабад арқылы Ауғанстанға аттандырды. Бірге барғандардың арасында 12 қазақ едік. Біз ондағы 191-ші жаяу әскер құрамына барып қосылдық. Барған бойда мені әскери жетекші етіп белгіледі. Ол жерде барып түскенімізде 215 қазақ азаматы әскери міндетін өтеп қайтуға тас-түйін дайын отыр екен. Олар қайтты. Жалпы ілгерінді-кейінді  Орта Азиядан онда барғандардың тең жарымынан астамы қазақ жастары. Барғаннан қайтқанға дейінгі екі жыл бойы атқарған басты міндетіміз – жаяу әскер болған соң көбінде соғыс операциясын жүргізу болды.
  • Сол екі жылда соғыс майданында қандай қиындықтарға кездесіп, қандай жағдайларға куә болдыңыз?
  • Жаяу әскер құрамында болған соң бір жерде тұрақтап тұрмай тәулік бойы дала кезіп жүресің. Абайлап жүріп,  аңдып баспасаң, кез-келген уақытта шабуылға ұшырап мерт болуың мүмкін. Оның үстіне сырын білмейтін жер, 40-50 градустық ми қайнаған ыстықта жаяу жүріп, су тауып ішудің өзі мұң. Ара-тұра бір арықтағы ағып жатқан лай сулар кездеседі. Ондай судың табылғанына қуанып, ыдысымызға құйып, алдын-ала арнайы таратып берген дәрінің 1-2 талын салып тазартып ішіп жүрдік. Бірақ, көп адамдар сол сор судан ауру болып қалды. Бір күні әдеттегідей  соғыс операциясына шыққан болатынбыз. Аяқ астынан шабуылға ұшырап, қиян-кескі ұрыс басталды да кетті. Жауынгерлер бораған оқтың ортасында қалды. Екі жақта аянып қалған жоқ. Өзімізді өзіміз қорғап, қарсы жасалған шабуылға тойтарыс беруге тырыстық. Соғыс болған соң адам шығыны болмай қоймайтыны белгілі. Өкініштісі сол, майданда өзіммен бірге барған қазақ жігіттерінің екеуі көз алдымызда оққа ұшып, біреуі аяғынан айырылып, тағы біреуі ауыр жараланды.

– Имандары жолдас болсын! Саптастарыңыздың қазасы сізге ауыр тигені анық. Бұдан басқа да тағы қандай оқиға ерекше есіңізде қалды?

 – Әрине, етек-жеңін жинап, азаматтық өмірге енді ғана қадам басқан қыршын жас үшін қанды оқиғаларды тұңғыш көру тым ауыр. Бірақ, амал не..? Тағдыр басқа салған соң көнесіңде. Біз сол соғыс майданына барғаннан кейін 5-6 ай өткенде тағы бір шабуылға ұшырадық. Сол кезде жау әскері маған бетпе-бет келіп қалды. Нағыз өмір мен өлім арасындағы сәт. Мен атпасам ол атады. Көз ілестірмес жылдамдықпен мен оны екі жарым метр жерден атып құлаттым. Оның қаба сақалы қауқиып, көзі өрге тартып құлап бара жатты. Міне, сол көрініс күні бүгінге дейін менің көз алдымнан бір кетпей-ақ қойды. Тіпті, көпке дейін түсіме де кіріп, сандырақтап сөйлеп кететін болдым.  Тағы бір оқиға қызылордалық Аманқос деген азаматқа қатысты. Аманқос Талдықорғаннан әскерге шақырылып, бізбен бірге барған болатын. Марқұм өте кішпейіл, ақ көңіл адал азамат еді. Бір ұрыста оның кеудесін екі бірдей оқ түйреп өтіп, көз алдымда қанға боялып қаза тапты. Бұл Қандағар маңындағы қанды қақтығыстардың бір парасы. Ал, бізден басқа құрамда болған азаматтар қандай күй кешкені бір Тәңірдің өзіне ғана аян. Осындай қайғылы оқиғалардың  барлығы маған көп рухани соққы болды. Негізі, шабуылға ұшыраған сарбаздарды от пен бораған оқтың ортасынан аман алып шығу – бас қолбасшы мен  құрам жетекші болып жүрген менің міндетім. Оған да асқан шеберлік қажет. Кейбір қоян-қолтық ұрыстан қаруластарды амалын тауып аман алып шығу қиын. Сәл селқос қарасаң қас қағым сәтте қырылуың мүмкін. Дегенмен, амалдап Алланың арқасында соның бәрінен де аман өттік.

–  «Жеңдік қой жауды, арман не құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» демекші,  ол күндер өтті де кетті. Енді, міне, Тәуелсіз еліміз бар. Сол қанды оқиға, қарулы қақтығыстарды көзбен көріп келгендердің бүгінгі жалпы жағдайына кеңірек тоқталып өтсеңіз?

– Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Бұл біз үшін үлкен мереке. Себебі, жауынгерлердің өмір мен өлім арасындағы арпалысқан сәттерден аман оралғаны зор қуаныш. Соғыс артта қалды. Дей тұрғанмен,  жат елге Отан алдындағы борышын өтеуге барған азаматтардың жан жарасы әлі де жазыла қойған жоқ, жазылмайды да. Бүгінде олардың біразы мүгедек. Дені рухани күйзеліске ұшыраған. Жыл сайын ең кемінде 10-15 адам қайтыс болады. Қазір Талдықорған қаласында 300-ге жуық Ауған соғысының ардагері тұрады. Олардың әр бірінің отбасында әр түрлі қиыншылық  бар. Біразы  облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен баспаналы болды. Тағы біразы үй аламыз ба деген үмітпен кезекте тұр. Бұдан сырт жылына бір рет ем алып, демалыс және сауықтыру орындарына баруы тегін,  көлігі барлар салықтан босатылған. Сонымен бірге, ардагерлердің әрбіріне үкіметтен ай сайын  азын-аулақ жәрдемақы  беріледі. Бұл олардың күнделікті дәрі-дәрмегінен аспайды. Бір қуанарлығы Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты Ауған соғысы ардагерлері Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімен теңестірілген. Дейтұрғанмен  әлі толықтырылатын тұстары бар. Сондықтан, биліктегі азаматтар осындай мәселерге баса назар аударып, орын алған олқылықтардың  дер кезінде шешілуіне қол ұшын беруі тиіс.

– Сөз соңында жалпы майдандастарыңызға, халқыңызға қандай ізгі тілектеріңізді жеткізер едіңіз?

– Қазіргі уақытта облыс орталығындағы  ардагерлер қоғамның әр саласында еңбек етумен қатар жас ұрпақтарға патриоттық тәрбие берумен айналысып келеді. Осыған байланысты жыл сайын мектептер де, жоғары оқу орындарында  әр түрлі кездесулер еске алу шаралары  ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралардың ұрпақ болашағы үшін маңызы зор. Себебі, жастарды отансүйгіштікке баулып, ержүректілікке жебейді.   Осы орайда мен кезінде қанды майдан, қарулы қақтығыстарды бастан бірге өткізген барлық Ауған соғысының ардагерлеріне зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Жаратушы жалғыз Алла, тәуелсіз қазақ еліндегі әрбір шаңыраққа шаттық, ортаймас бақыт жазсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!  

       

– Әңгімеңізге рахмет!  

                                                                  Сұхбаттасқан Айдын КӘЛІМХАН

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.