«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 19 маусымда Астана қаласы мен еліміздің 16 өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты найзағай, бұршақ, қатты жел, шаңды дауыл және аптап ыстық күтіледі. Сонымен қатар, көптеген өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Өңірлер бойынша ауа райының қолайсыз құбылыстары:
Астана қаласы:
Кей уақыттарда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы:
Алакөл көлдер ауданы бойынша оңтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с жылдамдықпен күшейеді. Талдықорған қаласында күндіз ауа температурасы 40–42°С-қа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысы:
Түнде және күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі – төтенше.
Қарағанды облысы:
Батысы, шығысы және солтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстігінде 35°С аптап ыстық байқалады. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі – жоғары және төтенше.
Атырау облысы:
Оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағаймен бірге жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында – төтенше өрт қаупі.
Маңғыстау облысы:
Батысы мен солтүстігінде найзағай, ал оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болжанады. Жел 15–20 м/с. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысы:
Орталықта қатты жаңбыр мен бұршақ, найзағай, дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі – төтенше.
Абай облысы:
Күндізгі температура 35–40°С аралығында. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі – жоғары және төтенше.
Шығыс Қазақстан облысы:
Найзағай, 35–37°С ыстық, жел 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы:
Найзағай, бұршақ, 15–20 м/с дейінгі жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысы:
Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және тұман болжануда. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы:
Қатты жаңбыр, бұршақ, тұман, 15–20 м/с жел. Солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл. Жел екпіні 23–28 м/с дейін жетуі мүмкін. Петропавлда – дауыл мен бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысы:
Найзағай, шаңды дауыл, жел – 15–20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы:
Таулы аймақтарда найзағай, солтүстігінде және батысында шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі – төтенше.
Жамбыл облысы:
Таулы аудандарда найзағай, облыс бойынша 40°С аптап ыстық. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі – төтенше.
Павлодар облысы:
Найзағай, 33–38°С ыстық. Желдің екпіні 15–20 м/с. Бірнеше аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы:
Солтүстік және орталық аймақтарында желдің екпіні 15–20 м/с. Қонаев қаласында жел 18 м/с-қа жетеді.