Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство басшысы полиция қызметінің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, оның әділдік, абырой мен ерліктің символына айналуы тиіс екенін айтты. Ол тәртіп сақшыларына қызмет барысындағы табандылығы, жанқиярлығы және антқа адалдығы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, ардагерлерге жас буынды тәрбиелеудегі үлесі мен мінсіз қызметі үшін ризашылығын жеткізді.
– Ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары кәсібилікті, төзімділік пен өз ісіне адалдықты талап етеді. Бүгінде де сіздер сол қасиеттерді берік ұстанып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық және жақсылық тілеймін! – деді министр Ержан Саденов.
Қазақстан полициясы күні 2007 жылдан бері аталып өтеді. Бұл күн 1992 жылы қабылданған «Ішкі істер органдары туралы» Заңның қабылданған күнімен тұспа-тұс келеді және жыл сайын 23 маусымда мерекеленеді.