Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөл ауданында су желілерінің 61,4 % жөнделеді

29 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Алакөл ауданында су желілерінің 61,4 % жөнделеді
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында 1242-ден астам шақырым суару желілері бар болса, соның 763 шақырымына, яғни 61,4 пайызына қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мұндай шаралар су шығынын азайтуға елеулі ықпал етпек. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды.

Өңір басшысының айтуынша, суару желілерін жаңғырту Ислам Даму банкінің қаржысына екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні бірінші кезеңі бойынша 510 шақырым желілердің жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары биыл басталады. Соның нәтижесінде 149 канал мен 25 мың га жерге су беру жақсарады. Ал, екінші кезеңінің құрылысы 2026 жылы басталады. Оған қоса Жаманты өзеніндегі су қоймасының, Тентек өзеніндегі су торабын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.  

Бір атап өтерлігі, ауданда су үнемдеу технологиясын шаруашылықтар кеңінен енгізе бастаған. Мәселен, бүгінгі күнге бұл технология 7 мың гектарда пайдаланылса, соның  700 га тамшылатып суару, 6,3 мың га жаңбырлатып суару әдісін қолданып отыр.

— Алакөл ауданында мал басы тұрақты өсіп келеді. Өткен алты айда 7,7 мың тонна ет, 16,7 мың тонна сүт өндірілді. Бұл ретте халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін мал азығының қауіпсіздігін қадағалау аса маңызды. Сондықтан ветеринария қызметін жақсарту мақсатында өткен жылы Қарабұлақ, Теректі, Еңбекші ауылдарында модульді ветеринариялық пункт салынды. Биыл Жайпақ, Ақжар ауылдарына тұрғызылуда, тамыз-қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Сонымен қатар ветеринар мамандардың жұмысына қажетті құрал жабдықтар мен қызметтік автокөлік, мал өлексесін өртейтін бір жылжымалы инсинератор сатып алынды. Жалпы айтқанда ветеринария саласына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сондықтан жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру керек, — деді облыс әкімі Б. Исабаев өз сөзінде.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.