Талдықорған: +27°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөл — құтқарушылары қырағы

19.06.2025
КҮНДЕРЕК
Алакөл — құтқарушылары қырағы

Ауа температурасы көтерілген сайын жұрт біткен су жағалайтын әдеті. Жан рахатын суға шомылу арқылы таппақ. Дейтұрғанмен, көл мен өзен жағалағандар қаперсіз болмауы тиіс. Мәселен, төтеншеліктер жағаға жеткен бетте суға қойып кетуге болмайтынын алға тартады. Адам организмі ыстық күн мен салқын судың әсерін басқаша қабылдауы мүмкін. Мәселен, тамыр тартылуы. Бұл суға кетуге бірден-бір себеп. Алакөл құтқару бөлімшесінің бастығы Марат Смағұлов суға да сақтықпен түсу керегін ескертеді.

Жетісулықтар жазғы демалысын әдетте Алакөл жағалауында өткізуді құп көретін. Себебі, Балқашқа барар жол тым нашар-тын. Биыл осы көлге барар жол аяқталып, көп жұрт сонда ағылып жатқандай. Оның сырын Алакөл жағалауындағы жұрттан да аңғару қиын емес. Дегенмен, мұндағы қараң-құраң жұрттың қарасы да аз емес. Алакөл құтқару бөлімшесіндегілер жағажайды сағалағандар осы айдың 20-нан кейін артатынын алға тартуда. Қалай десек те жағалау сыры бізден гөрі оларға мәлім.

– Алакөл жағалауының Ақши тұсынан 12 шақырымы, Көктұма ауылы тұсынан 5 шақырымы қырағы назарымызда. Бұл маңды әзірге 3 моторлы қайық шолып жүр. Бөлімшенің 14 қызметкері мен облыстан келген 4 құтқарушы жағажайға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тынығушыларға әлсін-әлсін түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, су көліктерін жүргізушілерге тұрақты ескерту жасап жүр. Бірер жыл бұрын бір азамат моторлы қайықпен суға шомылушыны соғып, қайғылы жағдай орын алған еді. Мұны ескеріп жатырмыз. Жергілікті әкімдікпен келісу нәтижесінде шомылушыларды оқшаулау қоршауын орнатамыз, – деді Алакөл құтқару бөлімшесінің бастығы Марат Әбішұлы.

Жоғарыда айтқанымыздай, Алакөлдің тұнығынан сая іздегендердің қарасы 20 маусымнан кейін артады. Сол уақытта құтқарушылар екі есе күшпен қарекет етеді. Осы кезде тағы 2 моторлы қайық іске қосылады. Ал қазір құтқарушылар судан құтқару әдісін шыңдап жүр. Бір құтқарушы көл жағалауында суға батқан кейіп танытады. Құтқару бекетінен асыққан қайық қас пен көздің арасында батқан кісіге ұмтылады. Құтқарушылар қауіп құшағындағы тынығушыны судан қайыққа шығарып, алғашқы көмек көрсетеді. Көзі қарақты оқырман, сіз осы қарекеттерді оқып отырғанда біршама уақыт өткендей. Алайда адам өмірін қауіптен арашалау үшін секундтар маңызды екенін білетін құтқарушылар осынша қарекетті бар-жоғы 35 секундта жүзеге асырды.

– Қауіп қаперсіздікте бой көрсетеді. Біздің мақсат – суға батқанды құтқару ғана емес, жағалауға келгендерге қарапайым ережені түсіндіру. Кейде тынығушылар спирттік ішімдік тұтынады. Ол да қауіп бұлтын қоюлатады. Бүгінгі тәжірибе бізді үнемі ширақ жүруге дағдылайды. Қалай дегенмен «Оқудағы қиындық майдандағы қарекетті жеңілдетеді», – дейді құтқарушы Ербол Базарбек.

Талдықорған қаласының тұрғыны Айбол Сабытбеков жазғы демалысын Алакөл жағалауында өткізуді әдетке айналдырғанына бірнеше жыл болыпты. Былтыр Алматыдағы достары қыдырып келгенде де осы көлге әкеліпті. Биыл да сол үрдісті балаларымен бірге жалғастыруда.

– Алакөлдің суы жанға рахат сыйлайды. Жұрт жазғы демалысты шетелде өткізіп әлек. Бәлки, жеті өзеннен нәр алған жерұйық мекеніміздің тылсым табиғатын түйсінбегеннен болар. Алакөлдің суы төрт мұхиттың суынан да шипалы, дертке дәру. Ал құтқарушылардың жұмысына разымын. Әр 15-20 минут сайын қайықпен жағалауды аралап, суға түсушілерге сақтық ережелерін сақтауды ескертуде. Әр адам өз өміріне өзі жауапты. Ескертпелерді ескеруі тиіс, – деді тынығушы.
Қазір Алакөлдегі тынығушылардың қауіпсіздігі қырағы құтқарушылардың назарында. Алайда сақтық та тынығушылардың жадынан тыс қалмаса екен.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.