Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС

18 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл шомылу маусымына қарай жаңарған инфрақұрылымы бар, ыңғайлы көлігі қарастырылған, қауіпсіздік шаралары күшейтілген Алакөл туристерді қарсы алуға дайын, – деп хабарлайды Жетісуоблысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы орайда назарларыңызға жаңа маусымның 10 басты игілігін ұсынамыз:

  1. Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны — небәры 20 000 теңге. Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың арқасында Үшарал қаласында ірі әуе кемелерін қабылдауға жағдай жасалған.
  2. Жазғы шомылу маусымына қарай қосымша пойыздар іске қосылды. Көлге 13 пойыз жүреді, оның ішінде Астана мен Алматыдан «Тальго» жүрдек пойызы да бар. Өскемен, Павлодар, Қызылорда, Семей және Ақтоғай бағыттары қосылды.
  3. Ақши және Көктұма ауылдарына автобус маршруттары ұйымдастырылды. Алматыдағы «Сайран» және Талдықорғандағы автобекеттерден автобустар тұрақты жүреді. Билет құны — 5 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін.
  4. Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория, дәріхана және тәулік бойы Жедел жәрдем жұмыс істейді. Облыс орталығынан хирургтар, кардиологтар, травматологтар және басқа да мамандар іссапарға жіберіледі.
  5. Судағы қауіпсіздікті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биылғы шомылу маусымында Ақши ауылында тәулік бойы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. 19 құтқарушы мен қосымша 28 полиция қызметкері жағалауда тәртіпті қамтамасыз етеді. Құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін 9 құтқару мұнарасы орнатылады.
  6. Тыйым салынған жерлерде су көліктерінің бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу мақсатында Жетісу облысында Суды ортақ пайдалану ережесі бекітілді. Ережелердің сақталуын көліктік бақылау инспекциясы жүргізеді, бұл ретте инспекторлар саны ұлғайды. 3 су көлік тұрағы және құқық бұзушыларға арналған арнайы 1 айыппұл тұрағы болады.
  7. Байланыс пен Интернеттің сапасын арттыру мақсатында жағалауда 16 базалық станция жұмыс істейді, 2024 жылы оптикалық-талшықты желі тартылды. Интернет байланысына туристік нысандар кезең-кезеңімен қосылуда.
  8. Сондай-ақ жағалаудың санитарлық инфрақұрылымын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Бүгінге дейін 11 санитарлық-гигиеналық торап қойылған, маусымның соңына дейін тағы 12-сі қойылады. Қосымша 60 қоқыс жәшігі қойылып, 20 биотуалет орнатылады.
  9. Ақши ауылында кәріз-тазарту құрылысы бастады, бұл – өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген маңызды қадам.
  10. Электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде, биыл Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілерін салу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, Көктұма және Ақши ауылдарында жағалауды нығайтудың ауқымды жұмыстары басталды.

Жетісу облысының Алакөл демалыс орны туризмнің ең танымал бағыты ретінде үнемі даму үстінде. Оған көлікпен бару мүмкіндігін кеңейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жағалаудың экологиялық инфрақұрылымы мен заманға сай қолайлы жағдай жасау – қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін көл жағалауында демалуды жайлы ете түседі.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.