Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алғашқы тапсырма

Мерзімді баспасөздегі еңбек жолым 1986 жылы қыркүйек айында, бұрынғы Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің ауыл шаруашылық бөлімінің тілшісі деген қызметтен басталып еді. Алғашқыда қалаға жақын шаруашылықтарға шауып барып келіп, редакцияда отырып-ақ телефон арқылы аудандардан хабар-ошар алып, науқандық жұмыстар жөнінде қысқа хабар жазуға әбден машықтандым.

29 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Алғашқы тапсырма

qyzylqoga.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Желтоқсан айының басында редактор шақырып: «Ақсу ауданына барасың, мал қыстатудың жайы нашар, сын жазып кел» деп тапсырма берді. Бұл менің ауданға шыққан алғашқы іссапарым болатын. Бастық тапсырма берген соң арқаланып, қоғам малын дұрыс қыстатпай отырғандардың жазасын бермек болғаным да рас.

Сөйтіп, Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентіне жолаушылар автобусына отырып, түске таман жеткенмін. Түскі үзілістен кейін аупарткомның бірінші хатшысы Наурыз Қылышбаевтың кабинетіне кірдім. Сұңғақ бойлы, сұлу тұлғалы хатшы мені жылы қабылдап, қайсы шаруашылықтарға баратынымды, негізгі мақсатымды сұрады. «Сіздің ауданда мал қыстату науқаны нашар көрінеді, сол жөнінде сын жазбақпын», – деп ағымнан жарылып шынымды айттым. «Е, жөн екен» деді хатшы. Шынында да биыл өңірде қыс қатал болып тұр, мал қыстатудан мақтана алмаймыз, жағдайды өз көзіңмен көріп, сынай жатарсың», – деп ауыл- шаруашылық бөлімінің бастығы Кузнецов дегенге жіберді.

Қабылдау бөлмесіндегі хатшысы қазір келіп қалар деген ауылшаруашылығының басшысы қыстың қысқа күні ұясына беттегенше келмеді. Отыра-отыра ойға батып, өзімнің қате қадам жасағанымды аңғардым. Бастықты күте-күте күдерімді үзіп, сыртқа шыққанымда кәдімгідей кеш болып қалды. Көшеде бұрын облыстық газеттің Ақсу ауданындағы меншікті тілшісі болған марқұм Жамау Бұқарбаев жолығып қалып, іссапардың жай -жапсарын сұрап білген соң, қарқылдап бір күліп алды да: «Сынаймын деп бекер айтқансың, оларға мақтауға келдім десең көлігіңді де, қонақасыңды да дайындап қояр еді. Енді Діңгекке баратын соңғы автобусқа үлгір», – деп жөн сілтеді.

Автобекетте Діңгек ауылына баратын жолаушылар автобусы жүргелі тұр екен. Соған міндім де бұрын аяқ баспаған, бейтаныс ауылға беттедім. Діңгектегі кеңшардың қос қабатты кеңсесінде күзетшіден басқа тірі жан жоқ. Күзетшінің айтуынша, аупарткомның бірінші хатшысы келіп, басшылардың бәрі сол кісімен бірге малшыларды аралауға кетіпті. Бағана аупарткомның бірінші хатшысына шынымды айтып, өз алдыма өзімнің түскенімді ішім сезді. Күзетшіге телефон шалдырып жатып, түннің бір уағында Болат есімді партия ұйымының хатшысын әрең тауып, соның үйіне түнеп шықтым.

Ертесінде әупірімдеп жүріп ауылға жақын маңдағы бірер мал қыстауын көрген болдым. Содан Ақсу ауданының Қаракөз деген ауылын айналып, Талдықорғанға қайттым. Бұл сапарымнан мал қыстату туралы жөнді сын жаза алмадым. Алайда жол жөнекей көрген ел тірлігінен суреттеме, репортаждар жазып, іссапар парызын өтедім. Айтайын дегенім, сол алғашқы сапарымнан өміріме үлкен сабақ алып, барған жерімде ешкімге сынайтын едім деп айтпайтын болдым.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.