Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ АРЫ МЕН БАРЫ  

20.03.2025
КҮНДЕРЕК
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ АРЫ МЕН БАРЫ  

Тіл кез келген ұлттың ары мен бары. Сол себепті де ана тілін ең бір асылындай қадірлеу әрбір азаматтың парызы. Өйткені, тіл өлмес мұра, бабалардың аманатындай ғасырдан ғасырға келе жатқан таусылмас қазына.

Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған қазақ тілі бүгін ұлттың мемлекеттің мақтанышы, мәртебесіне, тұғырына айналды. Мемлекеттік тіл статусын алып, қазақ тілі өзінің аясын кеңейтті, қажеттілігін арттырды, қолданысын анықтады. Қазақстанда кез келген мемлекеттік мекеме іс-қағаздары мен қарым-қатынас тілін қазақ тіліне көшірді. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілдің тұтынушысы мен қорғаушысына айналды.

Мемлекетте қазақ тілін, яғни, мемлекеттік тілді дамытуға арналған арнайы бағдарламалар жұмыс істейді. Елдегі тіл саясатының мейлінше жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде оның қолданысы да артты. Әрбір қарапайым азамат бүгінгі таңда ресми органдармен барлық мекемелерден мемлекеттік тілде ақпарат ала алады, сұранысын жіберіп , жауабын да сол тілде алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл абыройлы міндетті атқару ісін сот саласы да тәуелсіздік жылдарынан бері қолға алған. Бүгінде сот іс-қағаздарын жүргізу, хаттамалар толтыру мен үкімдер, ресми құжаттардың барлығы қазақ тілінде жүзеге асады.Тілге қажеттілік тудырғанда ғана ол дамиды, жалпыхалықтық сұранысқа ие болады. Осы тұрғыда, мемлекеттік тілді кез келген азамат, үлкен кіші, жас-кәрі, лауазымды, қарапайым деп бөлінбей – ақ жүзеге асыруға болады.

Сол себепті де мемлекеттік тілдің үстем болуы әрбір азаматтың патриоттығына, елшіл,отансүйгішіне байланысты. Сауатты, мәдениетті талап ете білсе мемлкеттік қызмет, ресми органдар да тілдік нормалардың заңдылығын орындайды. Қазіргі таңда мемлекеттік тілге қатысты айтарлықтай көп кедергі жоқ.Тілге қатысты жалпыхалықтық талап пен нормалары барынша сақталады. Мемлекеттік қызметшілердің дерлігі қазақ тіліне жүйрік. Халықтық талаппен санасады. Тілдік кедергілерді көп жағдайда мемлекеттік тілді үйренгісі келмейтін, ана тілінде сөйлесуге құлықсыз азаматтар ғана тұғызады. Қазіргі таңда қазақ тілінде үйренемін деген ниетті азаматқа арнайы бағдарламалар да жетерлік. Кез келген аймақта мемлекеттік тілді дамыту орталықтары мен тілді үйрету курстары жұмыс істейді.  Бұл ретте, негізі фактор адам ғана. Сондықтан да, мемлекеттік тілді әрқайсымыз жүрген жерімізде талап етейік, қажетті мәлімет деректерімізді ана тілінде сұратайық.  Сонда ғана ол өміршең, әрі мәртебесі үстем болады. Тіл-ұлттың ұйытқысы. Ортақ мүдделер де әрқашан ортақ тіл аясында тоғысады. Мемлекеттік тіл қажеті, заманауи талап нормаларына толықтай сай. Ендеше, тіл мәртебесін өсіру өзімізге ғана байланысты.

С. А. Калышева,
Жетісу облысы әділет департаменті
құқықтық түсіндіру жұмысы
және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы
Фото: osken-onir.kz

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.