Талдықорған: +27°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауыл ардақтылары

«Қариясы бар ауыл – тарихын ұмытпайды, шежіресін жоғалтпайды», – дейді қазақ. Көненің көзіндей, даналықтың өзіндей болған ақсақал елдің елдігін әйгілейтін тірі шежіре, киелі қазына. Осындай рухани тіректің маңайына топтасқан Еркін ауылдық округінің «Ақсақалдар алқасы» өңірдегі елдік пен бірліктің, татулық пен тағылымның темірқазығына айналған.

24.06.2025
КҮНДЕРЕК
Ауыл ардақтылары

Жұмабай Мұсабеков

Еркіндегі ақсақалдардың басқосуы құр шүйіркелесу емес, бұл тозғанды түгендейтін, үзілгенді жалғайтын, ертеңгі күннің еңсесін тіктейтін елдік кеңес. «Төрдегі қария – ақылдың дариясы» деп білетін жұрттың санасында ақсақал сөзі бата ғана емес, бағыт, өнеге ғана емес – өріс.

Мұндай мәслихатта елдің ертеңі талқыға түседі, жұрттың жайы сөз болады. Көкірегі ояу, көзі қырағы, көңілі кең қариялар қай істі де сабырмен саралап, салмақпен шешеді. «Ақыл – ойдың шырағы, қария – елдің шырағы» екенін ісімен дәлелдеп келеді.

Атап айтқанда, ауызы дуалы ақсақалдар атқарған жұмыс көп. Мәселен, Еркін ауылында сонау Екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған боздақтарға арналған еңселі ескерткіш бой көтерген. Бұл – өшкенді жандырып, ұмытылғанды еске салған тағзым ескерткіші. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген тәмсілді ту еткен қариялар бұл істі бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру үшін ғана емес, жүрегіне қондыру үшін атқарды.

Бұл мәртебелі шаруаның басында жүрген ел жанашырлары – Мұрат Өсербаев пен Темірболат Ақажановтай азаматтар. Олар – «жақсының жақсылығын айт» деген қағиданың жаршысы, халқына адалдықпен қызмет еткен тағылым иелері.

Еркін ауылындағы қырық жылдан астам уақыт халыққа қызмет етіп келген ескі аурухана бүгінде заман талабына жарамай, елдің көңіліне кірбің түсірген еді. Осы мәселені біраздан бері қаузап жүрген ауыл халқының аманатын арқалаған қариялар облыс әкіміне дейін барып, ел тілегін дәтпен жеткізген. Сөйтіп, көп уақыт өтпей-ақ ауыл төрінде қос қабатты еңселі жаңа аурухана бой көтерді. Бұл – тек бір нысанның салынуы емес, бұл – ақыл мен табандылықтың жеңісі. «Сөзі өтімді қария ісі берекелі болар» деген осы.

Қариялардың бастамасымен қолға алынған келесі ірі жоба – «Көктал» шағын ауданындағы 4,5 гектар аумақты алып жатқан жаңа саябақ. Бұл – жай ғана ағаш отырғызып, орындық қойған демалыс орны емес. Бұл – елдің рухани тынысы, ұрпақтың серуенінен сырлы тәрбие алатын шырайлы кеңістік. Жасыл желекке оранған бұл нысан – туған жерге деген тағзым мен табиғатты аялаудың айқын үлгісі.

Мұнымен тоқтамай, алдағы уақытта ауылда Мәдениет үйі де салынбақ. Бұл – ұлттық өнер мен дәстүрдің алтын бесігі болар рухани ордаға айналуы тиіс.

Ауыл аманатын арқалап жүрген ақсақалдар алқасының төрағасы, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Тортай Ізбасқанов:

– Ең бастысы – елге пайдалы іс жасау. Қазірдің өзінде аурухана мен саябақ ел игілігіне жарап тұр. Сондай-ақ, «Көктал» шағын ауданында 1200 орынды мектеп салынғалы жатыр. Бұл 2026 жылға ойластырған жоспар. Сонымен қатар, алдағы уақытта спорт кешені мен балабақша да салынса. Бұл – бүгінгі ғана емес, келешек ұрпақтың игілігі үшін қажет дүние, – дейді.

Расында, ұрпақ қамын ойламаған ұлттың ертеңі – бұлыңғыр. Ал Тортай сынды ақсақалдар ұрпақтың болашағын білетін жандар.

Еркіннің тамырына қан жүгірткен тағы бір игі іс – Балықты өзеніне салынған плотина. Бұл жоба тек ауылшаруашылығына ғана емес, тұтас округтің тұрмыстық жағдайына серпін берді. Осы тіршілік көзін уақытылы бағыттау – ақыл мен алысқа көз тіккен көрегендіктің жемісі.

Бүгінде Еркін ауылдық округіндегі ақсақалдар алқасында 21 адам еңбек етуде. Олардың төртеуі Талдықорған қаласының Құрметті азаматтары болса, өзгесі – білім саласынан зейнетке шыққан белсенді тұлғалар. Кімге болмасын ісімен де, сөзімен де үлгі болатын жандар.

Солардың бірі – тағылымы терең, бар ғұмырын мектептегі қызметке арнаған ұлағатты ұстаз – Насиха Уалиева. Еркін ауылының Құрметті азаматшасы ауылын ойлап бәйек, айтса сөзі дәйек. Әлі күнге дейін балаларға білгенімен бөлісіп, ақылын айтып, жастарды жөнге салып жүр.

«Ел иесі – ер, ердің тірегі – қария». Халық осыны білген, осыны бекем ұстанған. Сондықтан Еркіндегі ақсақалдардың өнегесі – тек бір ауылға ғана емес, бүтін елге ортақ өрнек.

Ауыл деген – алтын бесік. Ал сол бесікті тербетіп отырған ардақты қариялар – елдің рухани діңгегі, уақыттың аманат иелері.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.