Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бағаналы ордам

Адам атадан басталған адамзаттық тарихтың парағы әр күн сайын ашылып, қас қарая жабылып жатыр. Абыл мен Қабылдан жалғасқан ұрпақ ақылы мен парасатын пайдаланып, өркениет құрды, тастан қаланған қалалар салды. Алты құрлықты аралап жүріп сауда-саттықты өркендетті, мәдениет таратты. Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Ұлы Даланың ұландары әлемнің әр бұрышынан шыққан керуендерге күзетші болып, Серік атанды.

05.07.2025
КҮНДЕРЕК
Бағаналы ордам

ru.wikivoyage.org

Ғасырлар тоғысында аттың тұяғы мен құстың қанаты талатын ұлан-байтақ жердің әр тарапында алып шаһарлар көтеріліп, адамзаттық арман – өркениеттің қалыптасуына үлес қосты. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыздың күллі әлемге музыканың әліппесі – нотаны жасап беруі соның дәлелі. Әл-Жәбирдің есептеуінен алгебра пәнінің қалыптасқаны тағы да шындық. Қаһары жарты әлемді тітіреткен Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбектің аспан әлемін зерттеу үшін арнайы обсерватория салдырғаны қанша жасырғанымен ашылар ақиқат. Қойлық, Екіөгіз, Талхиз, Баласағұн, Сығанақ, Сарайшық сынды алып шаһарлар мен шағын қалалардың орнынан табылған жәдігерлер Ұлы Дала тұрғындарының да адамзаттық өркениетке қосқан үлесін аңғартады. Еуропалық патшалардың бұйрығымен қазақ даласына аттанып, ұлан-байтақ атырапты картаға түсірген Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло сияқты жиһангездер қалдырған мұра бұлтартпас дәйек.

Ендеше, өркениеттің өзегі алғашқы қала тарихынан бастау алады. Ал мәдениеттің бастауы ең алғашқы жарақат алған адамның толығымен жазылып шығуы екенін қазіргі ғалымдар тілге тиек ете бастады. Яғни, адам баласының басына түскен ауыртпашылыққа алаңдап, пенде шіркіннің аяғынан тік тұруына үлес қосу мәдениеттің мәйегі. Бұл жағынан алғанда күллі адамзатты алаңдатқан тақырыптарды талқылауды мақсат еткен Астананың айбыны асқақ, айдары биік. Себебі, әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және Дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ЕҚЫҰ Саммиті, халықаралық ЭКСПО көрмесі барша адамзаттық асыл арман – бейбітшілік пен ынтымақты бекітуді мақсат еткенін мақтанышпен айтуға болады.

Сарыарқаның төсінде орнығып, әлемдік жұртшылыққа самаладай жарқыраған жарығымен жол көрсеткен Елордамыз – Астананың абырой-беделі артып, аты асқақтай беруіне барша қазақ тілеулес. Өйткені, елдігіміздің, егемендігіміздің, азаттығымыздың айқын белгісі Елорданың әрбір қаланған кірпішінде, төселген тасында бабалар аңсаған арманның ұшқыны жатыр. Кезінде Қараөткел деген атпен белгілі болған аймақта қазақтың соңғы ханы Кенесары сарбаздары қорымының орналасуы аттың жалын, түйенің қомын қоныс еткен батыр бабаларымыздың жарқын болашаққа деген үмітін үкілейді.

Кеңестік кесірлі кезеңде Целиноград, кейіннен Ақмола атын еншілеген бас қаланың Астана болғанына да ширек ғасырдан асты. Соған қарамастан Шам жеріндегі, алты құрлықтың ар жағындағы, Еуроодақ елдеріндегі жұртшылық оның атын естіп, атқарған ісіне куә болды. Күллі мұсылманды алаңдатқан қара тулы ДАИШ салған іріткінің зардабын жою мақсатында Дамаскідегі түрлі жамағатты келісім үстеліне жинап, өзара ынтымақ орнатуды ұсынған Елорданың бастамасы көптеген ұлт пен ұлысқа үлгі еді.

Мұның артында адамзатқа атқа мінуді үйреткен Ғұн, Сақ, Үйсін, Қыпшақ, Қаңлы, Оғыз патшалықтарының жанашыр пейілі, достық рәуіштегі ықыласы жатыр. Бонапарт Наполеон мен Адольф Гитлер секілді басқыншылардың бұйрығымен аттанған қалың жаудың бетін қайтарып, фашизмнің түп-тамырын жоюға қатысқан қаһарман бабалардың ерлігі ұмытыла қойған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстың көзі тірі куәгерлері әлі бар. Тіпті, қыл аяғы тұтқынға түсіп, Түркістан легионының қатарында сапқа тұрғандардың өзі Еуропаға еркіндік пен азаттықты аңсап өткен аталарымыздың ақыл-парасатын, көрегенділігін танытып, адамгершілік атты асыл қасиетті паш етті. Сондықтан қазіргідей геосаяси ұстанымдар ұшқары пікірлерге иек артқан тұста қараулыққа алданбай, жылтырағанға сенбей әділдік, адалдық, бейбітшілік, ынтымақ пен ымыраны ғана тірек етуіміз керек.

Біздің мақтанышпен айтатын жалғыз берекеміз – Елорданың өзгелерге ұсынар қонақжайлық, мейірім, жанашырлық, қамқорлық сынды қасиеттерін берік ұстанып, өзгелерге үлгі бола берейік!

Астана күні құтты болсын, Елордамыз асқақтасын! 

 

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.