Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

Бүгінде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілеген. Мәселен, өткен жылы Жетісу облысының орталығында 6 оқыс оқиға орын алса, биылғы жылдың алғашқы айларында 3 бала құлап кеткен. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды екенін айтып, өңір тұрғындарына сақ болуды ескертеді.

1 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды
WhatsAppTelegramFacebook

Мамандардың мәліметінше, маусым айының өзінде Талдықорған қаласында екі бала әртүрлі биіктіктен құлап, ауруханаға жеткізілген. Оның бірі екі жастағы сәби. Жарақат алған бала қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке орай, өткен жылы аймақта дәл осындай алты оқиға орын алған. Негізі мұндай құбылыс әр жылы көктем мен жаз айларында көп кездеседі. Себебі, бұл біріншіден, жазғы уақытта үй терезелерінің ашық қалуы мен қауіпсіздік шараларының толық сақталмауынан болса, екіншіден, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуынан. Өкінішке орай кейбір оқыс оқиғалардың соңы қайғылы істермен аяқталып жатады.

 – Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қазір аймақта әр саланың өкілдері бірлесіп ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда көпқабатты үйлердің терезелеріне арнайы шектеуіштер мен құлыптар орнату, әрі, терезелерді жоғарыдан ашылатын құрылымдарға ауыстыру  сынды сақтық шаралары ескертілуде. Сонымен бірге құрылыс компаниялардың жауаптыларымен арнайы кездесулер өткізіліп, жаңадан салынатын баспаналарда заманауи нормаларының қатаң сақталуы талап етілуде, – дейді төтенше жағдайлар саласының басшылары.

 Қолға алынған шаралардың аясында  бүгінгі күнге дейін аймақтағы төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері бірлесіп 90 көпқабатты тұрғын үйдегі адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, 1100-ден астам пәтер қамтылып, 1600-ден астам тұрғынға жадынама мен брошюралар таратылған. Сонымен бірге, сауда, ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларда, LED-экрандарда балаларды қараусыз қалдыруға болмайтыны туралы бейнебаяндар көрсетіліп, әлеуметтік желілер мен ата-аналар чаттары арқылы да түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда «Сақтықта қорлық жоқ» деген құтқару саласының мамандары халыққа мынадай қарапайым ережелерді ешқашан естен шығармауды ескертеді.

  1. Бөлмеде ашық терезе болса, баланы тіпті бір минутқа да қараусыз қалдырмауға.
  2. Барлық терезеге арнайы құлып немесе шектеуіш орнатыңыз және олардың жұмысқа жарамдылығын тексеруге.
  3. Терезе маңына жиһаз және бала өрмелеп шыға алатын заттарды қоймауға.
  4. Маскит торларына сенбеңіз – олар құлаудан қорғай алмайтынын еске салады.
  5. Балаларға биіктіктен құлаудың қаншалықты қауіпті екенін және үйде қалай қауіпсіз болу керектігін үнемі түсіндіріп отыруға шақырады.

                                                                                                                                                 Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.