Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балаларға көмек көрсетілуі керек

28 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Балаларға көмек көрсетілуі керек
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Жетісу өңірінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы  16650 балаға көмек көрсетіледі. Ол үшін бюджеттен 468 млн. 332 мың теңге бөлініп отыр. Аудандық, қалалық әкімдіктер мен білім бөлімдері, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақтап, бекітіпті. Бұл жөнінде Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Облыстық білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, аудандық, қалалық әкімдіктер мен білім бөлімдері толықтай атсалысуы керек. Осы орайда аудан, қаланың орталық және ірі сауда орындарында мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату бойынша қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіледі. Осыған байланысты елді мекендер аумағында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясын өткізу туралы билбордтар, баннерлер, жарнамалық плакаттар орнатылуда. Қазіргі уақытта облыстық басқармалар мен департаменттерге көмек қажет ететін 138 баланың тізімі жинақталған.

– Алдағы тамыз айы аралығында  аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына даярлық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 Қаулысы аясында әлеуметтік осал топ отбасыларының 25229-на, яғни 1 балаға 46228 теңге бөлініп отыр.  Жалпы балаларды киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд. 166 млн. 286 мың теңге қаражат бөлінді. Әрбір азамат халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауға атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудару туралы әлеуметтік желілерде халықты ақпараттандыру мақсатында хабарландырулар бердік, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов.

Бүгінгі күнге Ақсу, Көксу, Кербұлақ аудандарының әлеуметтік осал топтағы балаларын қамту үшін ата-аналардың жеке есеп шотына жергілікті бюджеттен 100% аударым жасалыпты. Білім басқарамасы мамандарының айтуынша, қалған қала, аудандарды қамту 15 тамызға дейін толық аяқтау жоспарлануда.

Медет  ЖҰМАБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.