Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балалық шағымның жарқын сәті

5 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Балалық шағымның жарқын сәті
WhatsAppTelegramFacebook

Балалық шағым Баянжүрек тауына жақын орналасқан Қотырбұлақ жайлауында өтті. Әрбір жазғы демалыс сайын біз отбасымызбен жайлауға көшеміз. Осы көрініс көз алдымнан кетпейді. 

Біз жайлауға жеткен шақта үлкен ағалар жүк түсіріп, киіз үй құратын. Қора тұрғызатын.  Олар жұмыстарын бітіргенше анам, сіңлім үшеуміз ошаққа тамақ әзірлеп, бұлақтан су әкеліп шай қайнатамыз. Сөйтіп барып дастарқан басына жиналатын едік. Барлығы ауқаттанып алған соң тіршілік қамытын қайта киіп, әркім өз шаруасымен әуреленетін.

Жаздың жайма-шуақ күнінде жайлау табиғаты кім-кімді болсын сүйсіндіреді. Суға да, нуға да бай өлкенің салқын самалы жанды жадыратып, құлазыған еңсені аспандай биік етіп көтеретіні тағы бар. Адамдар көбіне жайлауға жанның емес, малдың қамын көбірек ойлап көшеді ғой. Онысын теріске шығармаймыз, бірақ бұл жерден малдың қоң жинағанын аңғарғанмен көбісі жанның да семіріп шығатынын аңғара бермейді.

Ағам мен тәтем жылда бізден кейін жайлауға көшетін. Олар жеткенде қатты қуанатынбыз. Тіршілік шоғы одан сайын маздай түсетіндей көрінетін маған. Бірлесе қарекеттенген соң пайдаға да шаш-етектен кенелеміз. Анам мен тәтем сиыр сауып, сүттен қаймақ, құрт, ірімшік сияқты өнімдер алады. Жаңа сауылған сүтті пісіріп, төрт бауырыммен бірге шөліміз қанғанша ішеміз. Осы сүттен айран ұйытып, кілегей тартып, май шайқау шешемнің күнделікті жұмысы еді.

Ал әкем үнемі малдың қамымен үйден жырақ жүреді. Қырықтық кезінде біз әкеміздің қасынан табылатын едік. Қозы ұстап, оның сирақтарын байлап, әкемізге жәрдем береміз. Қырқылған жүнді жинап, анамызға жеткіземіз. Ол кісі оны жуып-шайып, көрпе жасайды.
Ең кереметі, жайлаудың бүлдіргені. Тойғанымызша жеп, бір марқаятынбыз. Балалар үшін бұл таптырмас таңсық ас.
Бәрі ұйқыға кеткенде мен ғана шаңырақтан аспанға қарап, жымыңдаған жұлдыздарды тамашалайтын едім. Бұл менің балалығымның нағыз жарқын сәті.

Айдидар ҚАДІР,
9-сынып оқушысы

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.