Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш көліне апаратын жол бойында «ecoBalqash» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – демалушылар мен жолға шыққан азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу.

Экошара барысында екі бақылау нүктесі – start point және finish point орнатылды. Старт нүктесінде жолға шыққан демалушылар мен жолаушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс салуға арналған қаптар таратылды. Олар жол бойында және аялдау орындарында өз қоқыстарын жинап, Балқаш көліне жеткен соң мәре нүктесінде сол жиналған қалдықтарды тапсырып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Нәтижесінде 50 қап қоқыс жиналып, демалыс орындарына баратын жолдар тазаланды. Экошараға «Жасыл ел» жасақтары, еңбек жасақтары, волонтерлар, эко-волонтерлар және демалушылар жалпы 250-ге жуық адам қатысты.

«Jetisy jastary» КММ директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы:

– Бүгінгі «ecoBalqash» экологиялық плоггинг акциясына белсене қатысып, табиғат тазалығы мен қоршаған ортаға жанашырлық танытып келген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бұл акцияның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамның эко санасын оятып, табиғатқа ұқыпты қарауға үндеу. Сонымен қатар бүгінгі шара арқылы біз «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын дәріптеп отырмыз. Өйткені нағыз патриотизм – өз елінің табиғатын, ауасын, суын, жерін құрметтеуден басталады. Біз бұл жобаны бір күндік шара ретінде емес, тұрақты мәдениетке айналдыруды көздейміз. Сондықтан осындай бастамалар жалғасын табады деп сенемін,  – деді.

Алматы қаласынан келген Әлия есімді демалушы : «Біз отбасымызбен Балқаш көліне демалуға бара жатқанда, жол бойындағы посттан қолғап пен қап алдық. Алғашында бұл ерікті шара екен деп ойладық, бірақ кейін оның пайдалы екенін түсіндік. Жол бойында қоқыс көп екен. Балалармен бірге тоқтап, бір-екі жерде бөтелкелер мен пакеттерді жинадық. Көлге жеткенде бәріміз жинаған қоқысты арнайы пунктке өткізіп, кішкентай сыйлық алдық, бұл балаларға ерекше мотивация болды. Шара бізге өте ұнады. Ең бастысы, балалар табиғатқа қалай қамқор болу керегін өз көзімен көрді. Осындай экологиялық акциялар жиі болып тұрса екен деймін», -деді пікірін білдіріп.

Осылайша, «ecoBalqash» экологиялық акциясы табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың нақты үлгісіне айналуда. Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек табиғатты таза ұстауға ғана емес, сонымен бірге адамдардың санасында жауапкершілік пен жанашырлық сезімін оятуға көмектеседі. Алдағы уақытта да Балқаш көліне апаратын жол бойында және Жетісу облысының басқа да туристік бағыттарында осындай экологиялық бастамаларды жиі өткізу жоспарланып отыр.

 Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.