Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БАҚ қызметкерлерін марапаттады

Журналистер қауымын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының күнімен құттықтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

28.06.2025
КҮНДЕРЕК
БАҚ қызметкерлерін марапаттады

akorda.kz

– Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді. Мен бүгін бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деген Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы 5 айда ұлттық экономика 6 пайызға өсіп, өңдеу өнеркәсібінің деңгейі 6 пайызға жуықтады. Жалпы соңғы 5 жылда еліміздің ішкі жалпы өнімі 182-ден 286 миллиард долларға жеткен.

Халықтың санасын өсіру жолында тілшілер қауымының қосар үлесін салмақтаған Президент озық ойлы ұлт болу, көшбасшы елдердің қатарына қосылу қажеттігін алға тартып, билік те, баспасөз де ел игілігіне қызмет ететінін жеткізді. Сол жолда артылар жауапкершілік жүгінің жеңіл еместігін ұғындырған Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргідей ақпарат тасқынында сенімді дерек, дәйекті талдау ұсынудың, мәселені ұлт мүддесі тұрғысынан саралаудың маңыздылығына баса назар аудартты. Сондай-ақ, кездесуге Сауық Жақанова, Жарылқап Бейсенбайұлы, Шархан Қазығұл сынды ақпарат саласының ардагерлері арнайы шақырылғанын атап өткен Мемлекет басшысы алдыңғы аға буынға ризашылық білдірді.

Жыл сайынғы дәстүрге сай журналистерге Президент сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаеав медиа саласының өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттады.

Жиында ардагер журналист Шархан Қазығұл, «Казахстанская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.

Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы 5 айдағы жұмысын таныстырған Асламбек Мерғалиев былтырмен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымның 18,1 пайызға ұлғайғанын, сол арқылы сот жүйесіне сенім артқанын атап өтті.

Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жөнінде баяндап, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жасалғанын, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын күшейтуді, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығын нығайтуды, қылмыстық процесті оңтайландырып, бюрократиядан арылтуды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленгенін жеткізді.

Кездесу соңында судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ, судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды екеніне назар аудартты.

«Айбын» жиынын ашты

Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери-патриоттық қозғалыстарына мүше 800-ге жуық жастың басын қосқан іс-шара Ақтөбе облысында ұйымдастырылып отыр. Слет қос атаулы датаға – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуымен құттықтап, бұл жас өрендеріміздің рухын шыңдайтын өте маңызды іс-шара екеніне назар аудартты.

Akorda.kz

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

18.07.2025
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.