Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Баспаналы болу — басты мақсат

23 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Баспаналы болу — басты мақсат
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі уақытта баспана сатып алу барлық адам үшін басты мақсаттардың біріне айналды. Алайда, жылжымайтын мүліктің нарықтағы құнының жоғары болуы көпшілікке баспананы қол жетімсіз етеді. Бұл ретте ипотекалық несиелеу тұрғын үй мәселесін шешудің танымал құралы екені бәрімізге мәлім. Бірақ ұзақ мерзімге берілетін ипотекалық несиенің алдағы уақытта сізді қарызға батырмай жайлы баспана болуы үшін барлық тәуекелдерді болжап, заңдық тұрғыдағы мән жайларды зерттеп алған дұрыс.

Ипотекалық несие — бұл жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін ұзақ мерзімді несие және ипотека туралы заңдармен реттеледі. Мұнда сатып алынатын мүлік несие толық өтелгенге дейін банкте кепілге қойылады.

Көпшілік ипотекалық келісімшартты жасасу кезінде өтеу шарттарымен мұқият таныспағанның салдарынан қарызға кіріп кетеді. Қарыз алушы несиені өтеу бойынша ай сайынғы жарналарды уақтылы төлеуді тоқтатқан сәттен бастап проблемалар туындай бастайды. Егер қарыз 90 күннен асатын болса, онда Қарыз алушы автоматты түрде проблемалық болып табылады.

Ипотекалық несиенің осындай салдарынан кейін, жеңілдіктер барын ұмытпаған жөн. Мысалы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ипотека рәсімдеген азаматтарға салықтық жеңілдіктер бұрыннан қарастырылған. Енді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік беріліп келеді. Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаларға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар: Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

Сонымен қатар зейнетақы қорындағы алуға болатын артық ақшамен ипотекалық несиенің ай сайынғы төлемін де жабуға болады, яғни ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге пайдалануға болады.Қолжетімді сома ай сайынғы ипотекалық төлемнен аз болса да, артық зейнетақыңызды пайдалана аласыз. Немесе керісінше, егер артық сома үлкен болса және оны толығымен пайдаланғыңыз келмесе, бір төлемге тең соманы алуға болады.

Бұл ипотекалық несиесі бар азаматтар үшін үлкен жеңілдік деуге болады.

Б.Тұрысов,

Жетісу аудандық сотының судьясы,

Алматы қаласы

Фото: kursiv.media 

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.