Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Басты байлық – білім

7 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Басты байлық – білім

syrboyi.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Кез келген ұлттың ең басты құндылығы – адам және оның жарқын болашағы мен бостандығы. Бұл еліміздің Ата Заңында да айшықты бедерленген. Бүгінгі таңда дамыған елдермен тереземіз тең болу үшін еркіндік пен елжандылықтан бөлек, еңбекқорлық пен білімді ұлт қатарында болу деген негізгі қажеттілік туындап тұр. Бұл орайда өскелең ұрпақтың білім алып, тәрбиенің таза шырынымен қанып өсуі үшін барынша жағдай жасалған. Ал, білім саласында облыс құрылғалы бері жарқын істер қолға алынып, жаңа нысандар салынуда.

Аймақта соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы жақсарды. Мәселен, облыс құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі едәуір жақсартылып, әлеуметтік нысандарды жаңарту 52%-ға жетті. Осы орайда білім саласы бойынша 15 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Ал, биыл 1080 орынды 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Кейбір өңірлердегідей емес, жалпы Жетісу жерінде бүгінгі таңда үшауысымды мектеп жоқ. Қуанарлығы сол, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған жаңа мектеп салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл орайда облыс құрылғалы бері 5310 орынды 15 мектеп жаңадан салынды. Атап айтқанда, Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 2 мектептен, Көксу ауданында 3 мектеп, Панфилов ауданында 4 мектеп тұрғызылды. Оның ішінде Жаркент қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 1200 орынды мектеп те бар.

Жыл басында білім саласы туралы атап өткеніміздей, биыл 13 білім беру нысанының құрылысы жүргізіледі деп көзделген. Жыл соңына дейін Алакөл ауданы Достық ауылында «Жайлы мектеп» жобасымен, сол сияқты Ақсу ауданы Көлтабан ауылында, Панфилов ауданы Лесновка ауылында, Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жалпы саны 1080 орынды 4 жаңа мектеп іске қосылады.

Айта кетерлігі, өңірлердегі жаңа мектеп құрылысына ел Президенті оң баға беріп, Талдықорғандағы Ынтымақ ауылындағы мектепті үлгі ретінде атап көрсеткен болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өңірде 3 жылда 270 әлеуметтік нысан жаңадан салынып, жөнделген. Нәтижесінде білім саласы нысандарын жаңарту 41,2%-ға жеткен.

Білім саласының материалдық-техникалық базасын жақсартумен қатар оқушылардың тәрбиесіне де ерекше мән беріліп отыр. Облыс әкімінің бастамасымен өңірде «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы қолға алынып, бүгінде мектептерде 108 ментор жұмыс істейді. Олар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, нашақорлық пен лудоманияның, буллинг пен кибербуллингтің, саламатты өмір салты, мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық сияқты 9 бағытта тәрибе жұмысын жүргізіп отыр. Соның нәтижесінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша, облыстық полиция департаментінің дерегіне сәйкес Панфилов ауданында жасөспірімдер қылмысы 4,4 есеге, Талдықорған қаласы аумағында 4,3 есеге дейін төмендеген.

Биыл аймақ бойынша 131 675 оқушы оқу жылын тамамдады. Оны ішінде, 11-сыныпты 7 866 түлек аяқтады. Жалпы өңір бойынша мектеп бітірген түлектің 472-сі «Алтын белгі» төсбелгісіне, 711-і Үздік аттестатқа үміткер.

АРДА БИ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.