Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бата – мың құттық

6 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Бата – мың құттық
WhatsAppTelegramFacebook

Әр халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Бата қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрінің бірі. Ежелден-ақ жас ұпақтың ізгілік жолын ұстанып, ата-әжелердің ақ батасын алуға үнемі көңіл бөліп отырған. Сонымен қатар, қазақ халқының бала тәрбиесінде адамгершілігі мол, жаны таза, рухы биік, қоғамға тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқаны белгілі.

Күнделікті тұрмыста ұл баланы ел қамын ойлаушы ер азамат ретінде қыздар мен ананың намысын қорғаушы батыл, ақылды, намысшыл етіп тәрбиелесе, қыз баланы нәзіктіктің, пәктіктің, сұлулықтың жаршысы, ел мен елді, ру мен руды, жүз бен жүзді достастырып, табыстырушы ретінде құрмет тұтқан. Бала болашағының жарқын болуы үшін күнделікті өмірде оның әр атқарған жұмысын бағалап, мақтап, қанаттандырып, үлкеннен бата алуға үйреткен.

Бата – адамның адал ниет, ақ жүректен шыққан ықыласы, Алладан тілер тілегі. Батаның түрі көп және әрқайсысының тәрбиелік мәні зор.
Шаңырақ иесі болатын ер бала ауыл ақсақалдарынан не кемеңгер данадан қолын жайып «әумин» деп дастарқанға бата сұраған. Сөз ұстаған аузы дуалы ақсақал:

Ашық болсын қабағың,
Асқа толсын табағың,
Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын көбенің.
Құтты болсын құрығың,
Сулы болсын құдығың.
Қияқты болсын сұңқарың,
Тұяқты болсын тұлпарың, – деп бата берген. Ауыл ақсақалдары, данагөй қариялар жас құрақтай желкілдеп, өсіп келе жатқан жеткіншектің елін қорғайтын батыл, ержүрек азамат болуын тілеп:

Айбаты асқақ ұлан бол,
Ұрпағыңа ұран бол,
Қанаттыда сұңқар бол,
Тұяқтыда тұлпар бол.
Достарың жүрсін гүрілдеп,
Дұшпаның тұрсын дірілдеп, – деп жүрекжарды ақжарма бата берген. Ұлыстың ұлы күні айтылатын баталардың да тәрбиелік мәні зор, мазмұны терең.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ақсақалдан бата алса,
Сонда олжалы жол болар, – деп батаның қадір-қасиетін ұғындырып отырған.
Ал жаңа келін түсірген үйге ауылдың ақсақал, қариялары келіп:

Әумин десең, балам,
Берейін бата саған,
Отау құрған екі жас,
Болсын құтты қадам.

Құдай сені оңдасын,
Еш жамандық болмасын,
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын.

Сенен байлық кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Тәңір берген несібең,
Тепкілесе кетпесін, – деп өнеге-өсиетке толы аталы сөзін арнаған.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жаз жайлауға, қыс қыстауға күз бен көктемде қоныс аударып көшіп отырған. Қазіргі таңда жұмыс, кәсіп, қызмет барысымен бір қаладан бір қалаға, тағы да басқа жерге қоныс аударып көшіп жатады. Сондай сәтте көрші-көлең, ағайынның басын қосып бір шәугім шәйін береді. Осындай сәтте берілетін батаның да өз жөні бар:

Көшің оңды болсын,
Түйең қомды болсын.
Жолың сапарлы болсын,
Көшбасшың сенімді болсын, – деп ақсақалдар бата үстінде көштің көлікті, қоныстың құтты болуын тілеген.
Жас нәресте дүниеге келгенде берілетін батада:

А, құдай, ұзақ ғұмыр бер,
Таймайтын берік тұғыр бер.
Күлкісі мөлдір бұлақтай,
Ойыны елік лағындай,
Қыдыр дарып басына,
Бақ-дәулет келсін қасына, – деп тамаша өрнектелген.
Ел жайлауға қонып, бие байлап, қымызмұрындық беретін үйге ауыл ақсақалдары жиналып бата бергенде:

Тасқа тамыр біткенше,
таршылықты көрмесін,
Мұзға бидай біткенше,
мұңшылықты көрмесін.
Үйің орда болсын,
Сырты малға толсын,
Іші жанға толсын,
Сабаңнан қымыз кетпесін, – деп үй иесіне ақ тілеуін арнаған.
«Ата сөзі – бата сөзі», «Атадан бота қалғанша, бата қалсын» деген ұлағатты сөзін жас ұрпақ жүрегіне ұялата білейік.

Нұржан КӘПҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.