Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бақыт деген – барымыз, халық деген – нарымыз

25.10.2024
КҮНДЕРЕК
Бақыт деген – барымыз, халық деген – нарымыз
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы Астанамыздағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына барған едім. Қуанып қайттым. Театрландырылған ашылу салтанаты тіптен керемет! Париждегі Олимпиада ойындарының ашылуы қазақ жерінде «ойнамай» қалды. Сонау тұрандық ақ қайнарларымыздан түзілген тарихи көш-керуен бұған дейін бұғып жатқан көп асылдарымыз бен артықшылықтарымызды ақ әлемге паш етті. «Сағымға садақ ілген Шыңғыс қаған» деп өріліп, Жошының Алтын Ордасына ұласатын шетін көріністер жан тербеп, көңіл қылын шертеді. Қатарласа тамашалап отырған жазушы Көсемәлі Сәттібайлұы: «Мына естен кетпес дүниені дайындаған авторға Мемлекеттік сыйлық беру қажет қой!», – деп ағынан жарылды. Біз де қосылдық бірауыздан. 

Сөз тиегін осылайша ағытуымыз да, ақиқатын айтуымыз да, бәрі-бәрі  – Тәуелсіздігіміздің арқасы! Иә, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!». Республика күні – Ұлттық мереке! Мынау дүрбелең дүниеде ұлттық тінімізді сақтап, елдігімізді баптап, еңсемізді тіктеуіміздің өзі мереке! Береке көзі – бірлік пен бедерлі еңбекте! Соңғы жылдары елімізде бұған дейін түсімізге де еніп көрмеген небір саяси-экономикалық, әлеуметтік түбегейлі реформалар жүзеге асырылуда. Түпкі мәнін қайбіріміз ұғып үлгермей жатсақ, жалпы көпшілік жігін тауып өрлеу үстінде. Уақыт күтпейді.  Жаңалық лебіне жүзімізді төсей алмай келсек – бізге серт! АЭС мәселесін шешіп алдық, Энергетикалық қауіпсіздік – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік. Бәрінің де бағасын  ертең тұрлаулы тарих беріп, жылнамалар жарқырата көрсетері хақ!

«Народы не падают с неба и не скрываются в землю» – деп Н.М. Карамзин айтпақшы, төл тарихнамамызда кескінделген айқын жолымыз түркілік біртектілігімізді айғақтайды. Әрине, уақыт толқынында қоғамдық құрылыс жетіліп, ұлыс атаулары алмасқанымен елдің сыртқы пішін, ішкі мазмұнында пәлендей өзгерістер бола қоймайтын. Б.э. дейінгі екімыңжылдық төрінде ғұмыр кешкен Моғол бабамыздың ұрпақтары – Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрып берді! Тіліміз бен діліміздегі ұқсастық күні бүгінге сақталған. Мыңжылдықтар тереңіндегі  ыдыстарға басылған бітік жазуын еркін оқи беруіміздің төркіні де осында! 

Байтағымызда небір айдынды да айбарлы қағандарымыз ертеден жалғасты әдет-ғұрпымызға сай ақ киізде көтеріле алтын таққа отырғызылатын. Ақ киізде отырар  қағандарымызды күн сәулесі жолымен  ұлыс бектері мен қолбасылар, баһадүрлер мен уәзірлер, өзге де ұлық адамдар тоғыз мәрте айналып, тоғыз мәрте бас иіп тағзым еткен. Бұдан соң қағандарымыз ақбоз арғымаққа қарғып мініп, әруақтана рух шақырған! Міне, осылайша ұлыс боп біртұтас ұйысқан жұрттың төрткүл дүниеге жанкешті жорықтары бастау алған! Шығыс Еуропадан Тынық мұхитқа дейін көсіліп жатқан байтақ әлем – Ұлы Далада  Тәңірмен тілдесе, бұйра бұлттармен қауыша жүріп, елдіктің дәнін екті, кеңдіктің самалын есті! 

Бәрі де заңға бас иген. Өйтпегендерінің басы алынған! «Төре заңы»  байырғы Оғыз қаған ескерткішінде бедерленген. Демек, елді сол заманның өзінде  осы «Төре заңы»  күшімен билеген. Керейдің Оң ханының Теміршыңмен қарым-қатынасы әбден шиеленіскен сәтте айтқан мынандай сөзі бар: «Мен ұлыммен ғана кетіскем жоқ, ақиқат «Төре заңын» да тәрік етіппін!». Демек, барша түріктестерге тән заң екендігі хақ. Бұған енді Күлтегін ескерткішіндегі: « Менің бабаларым Бұмын қаған, Естеми қаған Түрік жұртын ел қылған, төресін жөн қылған, билігін берік тұтқан»  – деген анықтаманы қоссаңыз  көп қисын өзінен-өзі дәйектеле түседі.

ЮНЕСКО шешімімен екінші мыңжылдық адамы атанған, адамзат өркениетіне айтулы үлес қосқан  Шыңғыс қаған бүкіл түркітілдес халықтарға ортақ тұлға, мәңгілік мақтаныш! Әлем мойындаған Шыңғысханды 2013 жылдың күзінде Ресей мемлекеті де ақтап шықты! Мемлекет басшысы В. Путин қол қойған Ресейдің ұлттық тарих оқулығында «татар-моңғол езгісі» деген түсінік «орыс жерлерінің ордалық хандарға тәуелділік жүйесі» деп тұжырымдалып, ал бұған дейін «жаулаушы» деп аталып келген Шыңғысхан «реформатор» деп әділ бағаланды! Біз де қарап отырған жоқпыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала төрінде Жошы хан әулеті Кенесары ханға дейін VI ғасырдан астам уақыт ел басқарды.Тіпті, әлем тарихында мұндай мысалдар көп емес» – деп атап өтті. Осыған орай елімізде бүкіл хандарымыздың түп атасы Жошы ұлықталу үстінде, Ұлытаудағы кесенесінің басы абаттандырылып, халықаралық туризмнің орталығына айналды. Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі аралықты қамтитын жеті томдық жинағы әзірленуде. 

Адамзаттың ең көне өркениеті Ұлы Далада ұя салған. Тәңірмен тілдескен түркілер «тізеліні бүктірді, басы барды еңкейтті!». Жер-Ананы еміп, кенін игерді. Орыс ғалымы Сергей Кляшторныйдың: «Есть только одна древняя цивилизация. И это Тюркская цивилизация» – деп бағалауына ден қоясыз. Жабайы жылқыны қолға үйретіп, темір қорытуды меңгерген бабаларымыз дәуірді дәуірге жалғады, алған бетінен танбады. Міне, осы ақиқатқа көзі жеткен француздық  ғалым  Рене Генон: «Тюрки Кочевники вне времени. Никакая древность не может пройти за 20 тысяч лет, там стоит Стена Времени. А Тюрки Кочевники проникают сквозь Стену Времени!». Бұдан асып не дерсіз?! Моғол үстіртінің солтүстік-батысындағы  түрік стелаларының тұрғызылғанына жиырма мың жылдан асып кеткен!  Осыған таңғалған және жар салған ғалымдар өзінің жазу мәдениеті қалыптасқан ең көне өркениет – түріктік өркениет деген тұжырымға тоқтасты! 

Міне, осындай  әлемдік өркениеттегі тиесілі орнымызды анықтауда да, біртұтас түркілік мәдениетті қалыптастырып, орнықтыруда да алдымыздан дәл қазір  ақ жол ашылып отыр. Әйтсе де мына жаһандық жылмаң бәсекелес- тікте  адамзаттық бет-беделің, өтімді өткенің болмаса жұтылып кетесің. Ендеше, түркітілдес халықтардың  шығу тегі, тарихы мен рухани мұраларының ортақтығы арқылы алып кеңістігімізде тарихымызды түгендеп, таза табиғатымызды танып-білу жолымен өзара жақындасуымыздың мәні зор!

Әлдеқашан жалпыадамзаттық құндылықтар­ға айналып кеткен мұраларымыз түркілік ерекшеліктерімізді айғақтайды. Бұлардың алтын өзегінде бәрінен бұрын дәуірлер үндестігі мен ұрпақтар сабақтастығы жатыр. Сол көне де айшықты өркениет иелерінің әлемді уысында ұстағанын  мына бір  байырғы жазбадан оқығанда  қаны түрік, жаны түрік әрі қазақ  перзенттің төбесі қалай көкке тимесін?! «…Из всех народов мира… ни один не превзошел тюрков славою и величием завоеваний. Этот народ – настоящий повелитель Вселенной: все другие как будто созданы, чтобы служить ему. Он в равной мере и основатель, и разрушитель империй; во все времена являл он миру свое могущество, во все эпохи был он бичом народов. Тюрки дважды завоевали Китай и до сих пор еще держат его в повиновении. Они властвуют над обширными пространствами, составляющими империю Великого Могола. Они владыки Персии, они восседают на троне Кира и Гистаспа. Они покорили Московию. Под именем тюрок они произвели огромные завоевания в Европе, Азии и Африке и господствуют над тремя частями света.

А если говорить о временах более отдаленных, то именно от тюрков произошли некоторые из народов, разгромивших Римскую империю. Что представляют собою завоевания Александра по сравнению с завоеваниями Чингисхана? Этому победоносному народу не хватало только историков, которые бы прославили память о его чудесных подвигах. Сколько бессмертных деяний погребено в забвении! Сколько было тюрками основано государств, истории которых мы не знаем! Этот воинственный народ, занятый только своей сегодняшней славой, уверенный в вечной своей непобедимости, нимало не позаботился о том, чтобы увековечить память о своих прошлых завоеваниях». (Французский историк Шарль Луи Монтескье.
«Иранские письма», 1721г.)

Шарль Луи Монтескье сонау он сегізінші ғасырдың басында біздің ұлы бабамызды «Ұлы Моғол» деп жөнімен атап отыр. Ал біз күні бүгінге дейін «моңғол» деп бабамызды да, ұрпақтарының әлем келбетін өзгерткен атақ-даңқын да өзгелерге теліп жүрміз?! 

Мұхтар Мағауиннен бір лебіз: «Нұқтың бір ұлы Иафес. Келтеден қайырсақ, сегіз ұлы болыпты, ең үлкені әрі мұрагер патша – Түрік екен. Түріктің бесінші ұрпағы– Алынша. Алынша ханның егіз туған екі ұлы болды: бірі – Татар, бірі – Моғол». (Шыңғыс хан және оның заманы. Алматы: Дәуір, 2011.188-б.)  Бұдан шығатын қорытынды сол, Түрік, Моғол, Нүкүз, Дәрлекін, Қият атаулары – біздің тарихнамамыздағы төл есімдеріміз. Бәрі бір жұрт, бір халықтың түрлі кезеңдегі атаулары. Тек еуроцентристік идеология жандайшаптары түрік халықтарының кешегі айқын шежіресін сүттей ірітіп, жүндей түтті. «түрік», «моғол» деген этнонимдерді әртүрлі тектегілер деп парықтап, тұтас жұрттың арасына сына қақты, теріс ұғым таратты. 

Француздық тарихшының таңғала, сүйсіне,  алақайлай алға тартқан  жазбасының төл тарихшымыз  Махмұд Қашғари ұстанымымен ұштасып, өзектесіп тұрғандағы тіптен ғанибет! Ол өзінің «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түрік тілдерінің сөздігі») атты еңбегінде Жапастың үлкен ұлы Түрк және одан тараған түркілер турасында былайша тебіренеді: «Мен (түркілердің жалпы тарихын егжей-тегжейлі зерттеп шығып), Алла тағаланың бақ-дәулет күнін түрктер (түркілер) бұржысында аттырғанын және оларды «Түрк» деп атағанын, тағы да оларды ақиқатқа бағыттап, бүкіл адамзаттың үстіне үстем еткенін және олардың қолдарына басқару тізгінін ұстатып, оларды ғасырдың патшалары етіп, билікке ие қылғанын, сөйтіп әлем кеңістігін олардың билігімен басқарғанын, оларға ілескендерді және қызмет еткендерді күшейтіп, олардан «Түркілерден» өз тілегендерін алып, сондай-ақ, абыройсыз құлдардың тобырына  айналудан аман қалғандарын  көргенімде  – мен, әрбір ақыл иесінің оларға «Түркілерге» ілесуі қажет екендігін, әйтпесе ол өзін олардың жебесіне душар қылатындығын түсіндім. Ендеше, кімде-кім өз дұшпандарынан жан сауғалап келіп, олар «Түркілер» оның қайғы-мұңын тыңдайтындай, оларға жақындау үшін олардың тілінде сөйлеуден артық жол жоқ. Кімде-кім оған (Түркі тіліне) жүгінсе (үйреніп сөйлесе), олар «Түркілер» оны (ол адамды) өздерінікі ретінде қабылдайды, сөйтіп оның қауіпсіздігі жайлы қамқорлық жасайды».

Ұлы Даладан күні бүгінге дейін табылып жатқан, тіпті қайсыбірі б.э.д. ІІІ-VІІ мыңжылдықтарға телінетін руналық жазба мәдениетіміздің жәдігерлері көп нәрсені аңғартса керек. «Тарихтың атасы» Геродот скифтік (түріктік) мәдениет турасында бағасыз мәліметтер қалдырғанын білесіздер.  Сол б.э.д 7000 жылдардан бастап Қытайдың Сары өзенінің маңында көне түркілер пайда болған. Ал 1987 жылы табылған  көшпенділердің Арқайым қаласы  әлемдік мәдениеттің көнеліктегі ең ғажап жәдігері болып шықты! Табиғаты б.э.д. төртінші мыңжылдықтың қойнауынан тамыр тартатын бұл шәрі бұған дейінгі әлемдік өркениеттің ошағы б.э.д. Қосөзен мекені деген түсінікті мүлдем өзгертуге мәжбүр етті!  Дүрмекті кезеңде Ресейге қарап кеткен Арқайым атты қаланың атауы жарық дүниеде ежелден бар екенімізді, зор екенімізді нақтылы дәйектейді!

Жапондық тарихшы  Джитсудзо Тамуран қытайдың Геродоты Сыма Цяньнің б.э.д. 91 жылы жазылған жазбасы негізіне сүйене отырып: «Шығыс пен Батыстағы  (Европа) қоғамдық біртұтастану Солтүстік Азияның хун-түріктері, аттылы көшпенділерінің бөлінуі мен миграциясынан серпін алды» десе, Махмұд Қашғари бабамыз «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінде: «Қытай елі түркілік ел, мұнда тұрып жатқан табғаш, қытай мен таңғұттар түркілік тайпалар. Қытайлық иероглифтерді де түріктер ойлап тапқан» – деп қайырады.

Махмұд Қашғари бабамыздың мақтанышқа толы  мәңгілік естелігінің жалғасындай, айды аспанға бір-ақ  шығарып, кезекті түркі қағанатын құрған  Тәңір сүйген Шыңғыс қаған еді! Иә, Ұлы Далада өзге аймақтармен қарым-қатынастар көне дәуірлерде бастау алғанымен Шыңғыс қаған заманында кеңінен өріс тапты. Бұл халықтардың әсіресе материалдық және мәдени болмыс-бітімдерінен көрініс берді. Елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бергі белесте тарихи, философиялық, әлеуметтік ойлау көкжиегі тіптен өрістеген. Талапшыл халық өткеніміздің бүге-шігесін бұлталақсыз бар қалпында білгісі келеді. Дұрысын айтсақ, дәл қазір отандық тарихымыздың, мұның ішінде Шыңғысхантанудың дәйектемелік көздері көп ұлғайды. Алғашқы ақ тұма арнасын табуда. Алаш жұртының көңілін көншітетіні де осы!   

Бақыт деген  – барымыз, халық деген  – нарымыз. Бақытқа барар жол – бақыттан да қымбат. Шын бақытты адам бақытсыз күйдің бағасын біледі. Әрине, көзге түскен қылшықтай, көмейге кеткен қыпықтай  пенделер де баршылық. Олармен әңгіме басқа, заң басқа! Байқап жүрмін, адал адамдар арасынан арамдық қашады екен. Өмірдің сәулелі тұстарын  бойға сіңірген сайын өз дидарың да айшықтала түседі.  Және бір ұққаным – талғамы жоқтың арманы жоқ, ал армансыз  адам қашаннан тайғақ. Соларды тура жолдан тайдырмау  – біздің пешенемізге бұйырған екен. Бұғып қалмасымыз белгілі! Ұлттық мереке ұлтымызды ұйыта бергей!

Әміре ӘРІН,
Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026
Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

10.08.2026
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.