Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керегін жеткізді.
Ол үшін өңірлік инвестициялық штабтардың ағымын белсенді пайдаланған жөн. Жоғары технологиялық өнім шығару саласында экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару қажет, — деді Премьер-министр.
Сондай-ақ салалық ведомстволарға өңдеуші өнеркәсіп секторын дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.
Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру керек. Мүдделі мемлекеттік органдар өңдеуге арналған шикізатты әкелу мәселелерін жан-жақты пысықтауға тиіс. Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда тиісті инженерлік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету қажет. Осы бағытта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын неғұрлым белсенді тарту керек, — деді Бектенов.





