Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел мәйегі – мәдениет

5 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Ел мәйегі – мәдениет
WhatsAppTelegramFacebook

Дамыған мемлекеттердің жарқын болашаққа деген оң қадамы экономикалық-әлеуметтік тұрғыда жасалған жарқын ісіне ғана емес, елінің мәдениетіне, рухани болмысы мен ұлттық ұстынына, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты. Әсіресе, мәдениеті мен елдік мұратына тікелей қатысты. Бұл жағынан алғанда елімізде өскелең ұрпақты елжандылыққа баулып, патриоттық сезімін шыңдау, бабалардан жеткен бай мұраны көздің қарашығындай сақтаудың жолы мәуелі мәдениетке деген қамқорлыққа тікелей байланысты. Ал бұл орайда мәдениетімізді асқақтату тұрғысында лайықты жұмыс істеліп келеді.

Бір ғана Жетісу жерінде мәдениет саласы бойынша ауыз толтырып айтарлықтай игілікті іс атқарылды. Облыс құрылған 3 жылдың ішінде рухани шаралар ұйымдастырылып, сала бойынша бірқатар жаңа нысан пайдалануға берілді.

«Ауылым – алтын бесігім» деп айшықтап, қазақылықтың қайнар көзі болған елді мекендердегі рухани ошақты жаңғырту, жаңа нысандар салу жүйелі жолға қойылды. Нәтижесінде, соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 12 мәдениет нысаны ашылды. Атап айтқанда, 4 Мәдениет үйі мен 8 клуб ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Үштөбе қаласында Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі есігін айқара ашты. Әулиелердің мекені саналған қасиетті Қаратал өңірінде есігін айқарған бұл музей ел көлемі бойынша бай мұраны қамтитын бір өңірдің тарихы мен құндылығын, дәстүрі мен мемлекеттің даму жолындағы белестерін көрсететін басты мекеменің бірі екенін де айта кеткен жөн.

Сан жылдан бері елдің мұңы мен жырына айналған Мәдениет үйлерінің тозып, қабырғалары жарылып тұрғанын көріп-біліп, орайы келгенде оның бәрін газет арқылы жазып та жүрдік. Бір ғана Ғали Орманов пен Сайын Мұратбеков сынды қазақтың қос классигін туған Қоңыр ауылындағы Мәдениет үйінің қараусыз қалғанын «Атқораға айналған Мәдениет үйі» деген тақырыппен айшықтап едік. Бұл өнер ошағынан бөлек, ауылды жерлердегі тозығы жеткен талай нысан көңіл қынжылтатын. Облыс құрылған 3 жылдың ішінде әр саланың тамырына қан жүрді десек, соның ішінде 7 ауылдық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткенін айшықтағымыз келеді.
Ілияс Жансүгіров: «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді» деп жырлағандай, ел үшін еселі еңбек еткен талант-тақсырлары да Жетісу жерінде лайықты дәріптеліп келеді. Мәселен, облыс құрылғалы бері тұғырлы тұлғалардың бейнесін мәңгілікке ұлт жадында қалдыру мақсатында игілікті істер жасалды. Ұлт перзенттеріне ескерткіштер қойылды. Атап айтсақ, облыс орталығы Талдықорған қаласында ұлы Абай мен Халық суретшісі Әбілхан Қастеевке ескерткіш, Халық әртісі Бикен Римованың және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің бюсті қойылды.

Облыс тарихында тұңғыш рет эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Кербұлақ ауданында Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды кешеніне күрделі жөндеу өтті.

Биылғы Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бикен Римова атындағы драма театрына 50 жылдық мерейтойына орай академиялық мәртебе беруді ұсынды.

Міне, осындай игілікті істерден бөлек, облыс құрылғаннан бері мәдениет, архив саласының штат саны 200 бірлікке артып, 2300 адамнан асты, бюджеті 83%-ға өсті. Ал саланың ин-фрақұрылымын жаңарту 40%-ға жетті.

Айта кетерлігі, биыл 9 Мәдениет үйінің, 1 аудандық кітапхананың құрылысы жүргізіліп, 2 ауылдық Мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.