Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел шебін қорғайтын жас сарбаз: Ақжол Жорабек ерлігімен көзге түсуде

2 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Ел шебін қорғайтын жас сарбаз: Ақжол Жорабек ерлігімен көзге түсуде
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы басқармасында мерзімді әскери борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол Асқарұлы өзінің үлгілі тәртібімен және жоғары физикалық дайындығымен көзге түсіп келеді.

Жорабек Ақжол Асқарұлы 2004 жылы 16 қыркүйекте Жетісу облысы, Кербұлақ ауданының Шоқан ауылында дүниеге келген. 2025 жылдың 8 наурызында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылып, қазіргі уақытта Алакөл шекара аймағында Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқаруда.

Әскери борышын өтемес бұрын арнайы орта білім алып, теміржол саласы бойынша жолсерік мамандығын меңгерген. Еңбексүйгіштік пен тәртіпке бейімділігі әскер қатарына дейін-ақ байқалған. Сонымен қатар еркін күреспен шұғылданып, аудандық және облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орындар иеленген. Бұл спорттық шеберлігін әскери өмірде де шыңдай түсуде.

Қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол шекарашы әскери қызметшілер арасындағы түрлі спорттық сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді:

  • Денені жерден көтеру жаттығуынан — 111 рет орындап, 1-орынға ие болды;

  • 10х10 эстафеталық жүгіруде — 24 секунд нәтижемен 2-орын алды;

  • 400 метрге жүгіруде — 1 минут 07 секунд көрсеткішімен 3-орын;

  • Гир көтеру жаттығуында — 47 мәрте көтеріп, 3-орынға ие болды.

Көпбалалы отбасынан шыққан Ақжол — үйдің ортаншы перзенті. Екі әпкесі, бір ағасы және бір інісі бар. Отбасына, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен ата-анасының сенімін ақтау жолындағы жауапкершілігі оның күнделікті әскери қызметінен анық байқалады.

Қатардағы жауынгер Жорабек Ақжол Асқарұлы әскери тәртіпке берік, отансүйгіштік қасиеті жоғары, шекара шебіндегі сенімді тірекке айналған сарбаз. Оның еңбекқорлығы мен жауынгерлік рухы қарулас серіктеріне үлгі болуда.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.