Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елдің жүгін ер көтерер

11 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Елдің жүгін ер көтерер
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысына арнайы келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өңірдегі қордаланған мәселелердің түйінін шешуге жәрдемдесуде. Осы ретте Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиында елдегі заңнамаға енгізілген өзгерістер мен алдағы реформалар талқыланды.

Кездесу  барысында Парламент Сенатының депутаттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасап, халықпен кері байланысты күшейту мен жергілікті құзырлы органдардың рөлін арттыру мәселесін көтерді. Басқосуда егістік жерлерге су жеткізу, жем-шөп жинау, кей өңірлерге орта мектеп қажеттігі сөз болды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі де айтылды.

– Жиынға қатысқан құрылыс компанияларының өкілдері құрылыс ережесі талаптарын міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы қылып жасау мәселесін көтеру керек деген ұсыныс айтты. Әрине, олардың айтып отырғандары дұрыс. Көптеген ұсынысты бізге жазбаша түрде беруде. Бұйырса келесі 4-ші сессияда сол мәселелердің бәрін сенат қабырғасында, республика деңгейінде көтеріп, соны қолдап шешілуіне бар күшімізді саламыз, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Облыстық мәслихат депутаттары өз кезегінде аймақтың өзекті мәселелері мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Тұрғын үй, құрылыс саласына қатысты заңнамаларды жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және туризмді дамытудағы түйткілді істер тұрғысында сөз қозғады. Отбасы банкіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Қазір үй кезегінде тұрған адамдар аталған қаржы орталығы арқылы баспана алады. Бұл бойынша кейбір заң тетіктерін толықтыру мен банктің ішкі тәртібін қарастыру қажет екені талқыланды.

– Отбасы банкпенен тұрғын үй алу кезіндегі несиелік үй, арендалық үйлерге байланысты қандай қайшылықтар туындап отырғандығын сенаторларға түсіндіріп айттық. Ондағы қайшылықтар мен кедергілерді жою керектігін көтердік. Бұл өте бір жақсы маңызды кездесу болды. Көптеген мәселелердің басын ашып алдық. Республика деңгейінде шешілетін мәселелердің барлығын сол сенаторлардың алдына қойып отырмыз, – дейді Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.