Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде көлік сатып алу баспана алуға қарағанда әлдеқайда жеңіл – депутат

11 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Елімізде көлік сатып алу баспана алуға қарағанда әлдеқайда жеңіл – депутат

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook
Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин Қазақстан азаматтарының баспана алу жолында кездесетін қиындықтарды атап өтіп, бұл мәселені шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын Үкіметке депутаттық сауал арқылы жолдады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде автокөлік сатып алу тұрғын үй алуға қарағанда әлдеқайда жеңіл болып тұр. Мәселен, көлік алу кезінде жылдық мөлшерлеме небәрі 6%, бастапқы жарна талап етілмейді және рәсімдеу процесі онлайн форматта өтеді. Ал дәл осы құнға баспана алғысы келген азамат кемі 30% бастапқы жарна төлеуге, 18-20% жоғары пайызбен келісуге және күрделі құжат жинауға мәжбүр.

Депутат төмендегі 4 ұсынысты атап өтті:

1. «Жалдаудан сатып алуға» (Rent-to-Buy) жүйесін енгізу.

Бұл жүйе бойынша азаматтардың жалдап тұрған үйіне төлеген ақының бір бөлігі болашақта үйді сатып алуға қажетті бастапқы жарна ретінде есептеледі. Мәселен, айына 200 мың теңге төлеген азаматтың 50 мың теңгесі алғашқы жарнаға жинала береді. Бұл – жастарға, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік осал топтарға үлкен қолдау болмақ.

2. Цифрлық «жылдам ипотека» жүйесін жасау.

Қазіргі автонесиелеу үлгісін тұрғын үй саласына да енгізу ұсынылып отыр. Яғни мемлекеттік органдар мен банктер арасындағы дерек алмасу интеграцияланып, ипотеканы онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін механизм жасақталуы керек.

3. Қаржыландыру тетіктерін жаңғырту.

Ипотекалық жүйе тек «Отбасы банкпен» шектелмей, басқа да банктерге тұрғын үй жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік берілуі тиіс. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді қаржыландыруға зейнетақы қорын (ЕНПФ) тарту арқылы несие мөлшерлемесін төмендетуге болады.

4. Мемлекеттік қолдауды әділетті бағыттау.

Мемлекеттік бағдарламалар тек алғаш рет үй алушы азаматтарға арналуы тиіс. Яғни, субсидиялар инвестициялық мақсаттағы және екінші нарықтағы сатып алуларға қолданылмауы қажет. Сондай-ақ, тұрғын үй саясаты өңірлік даму бағдарламаларымен тығыз байланыста іске асуы керек.

Депутаттың пайымдауынша, бұл бастамалар бюджеттен тікелей қаржы алмай-ақ, қолжетімді баспана санын көбейтуге сеп болады және «тек ипотека» моделінен арылуға мүмкіндік береді.

Қазақ үшін тұрғын үй – жай баспана емес. Бұл – азаматтың ар-намысы, отбасылық тұрақтылығы, баласының болашағы. Халық өмірі баспана үшін күреске емес, сол баспанада баянды өмір сүруге арналуы керек, – деді Ерболат Сатыбалдин.

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.