Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еркіндік пе, есерлік пе?

Ғаламтордан жылт етіп көрінгендердің бәріне бірдей ерік беріп, қалауына мойынұсынсақ – басымыз тасқа ұрылып, келешегіміз құрдымға кетер. Көзді ашып жұмғанша дамудың озық үлгісін көрсетіп жатқан ғаламтордың әр тетігі сәт сайын өзгеріп, оны басқару жүйесі де сан салалы жолға түсті. Ал онда трендте тұрған тақырыптар мың құбылып тұр. Ендігі кезек – адамның ішкі сүзгісінде. Әр фото-видеоны, ақпаратты електен өткізе отырып қабылдау, одан тиісті қорытынды шығару бүгінде аса сұңғылалықты талап етеді.

26 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Еркіндік пе, есерлік пе?

adukar

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіні қарай отырып «еркіндікке мол мүмкіндік сыйлап, ерсілікке кеңінен жол ашып берген жоқпыз ба?» деген сауал көкейде тұрады. Ашылып-шашылып билеу, ортаңғы саусақты ойланбастан оңай көрсете беру, бейпіл сөздерді жиі қолдану, өкінішке қарай, қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Дабыл осыған дейін де қағылды. Алайда одан қорытынды шығарып, келешектің көкжиегіне көз жіберген жан байқалмайды. Рас, кей сәтте серігің есебінде талай істің шешімін тауып, көмекші құрал ретінде жәрдемдеседі. Бірақ, шеттен шығып, уақыттан уақытты оздыра тапжылмай көріп, «ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруді абзал деп тапқандар үшін ойланып қаласың.

Елімізде әлеуметтік желіні қолдану жөнінде кейінгі рейтингке көз жүгіртсек: Facebook, Instagram, Youtube, WhatsApp желілері алдыңғы сапта болса, TikTok, Telegram, WeChat желілері қарқын алып, үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Қолданушылар қатары артып, жүктелген материалдар саны жиілеген сайын пайдаланушылардың сападан санға, мәннен рейтингке басты назар аударатындығы байқалады. Трендтен түспей, сұранысқа ие болу мақсатында түрлі қадамға барып жатады. Адам бойындағы бұл еркіндіктің ерсілік танытатын кезі де жоқ емес. «Әр елдің мәдениетін сіңіруге ұмтылатындығымыз сондай, кейде өз ұлттық калоритімізді жоғалтып алмаймыз ба?» деген қауіпке толы сұрақтың қылаң беретіндігі бар. Әсіресе, әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолдану, оны еркін пайдалануға рұқсат беру – балаларға айрықша әсер ететіндігін психологтар үнемі айтып келеді. Мәселен, балалық шақ институтының мүшесі Әлия Ни: «Тик-ток – баланың ойлау жүйесіне, дамуына кері әсерін тигізеді. Баланың қиялын, бойындағы ерекше қасиеттерін, даналығын жойып тастауы да мүмкін. Сондықтан әр ата-ана өз баласын үнемі қадағалау керек. Не көреді, қызығушылығы қандай, бәрінен хабары болуы қажет», – дейді. Тик-токты ерекшелеп айтқанында да себеп бар. Қазіргі таңда жастар арасында аталған әлеуметтік желінің танымалдылығы жоғары және оны пайдаланып, сағаттап тікелей эфирде отырып, әр шыққан трендті қалыспай қайталауға тырысатындар көбейді. Ондай сәтте фото-видео, ақпараттың мәні, маңыздылығы автоматты түрде ысырылып екінші орынға сырғиды. Кейде елімізде еркінсігендер өзге елде ерсі қылық көрсетіп, даудың астына қалып жатады. Жақында Қытай метросында қасындағысының телефонын білдіртпей алып, оны бәріне мақтана көрсеткен видеоны «метродағы пранкерша» атымен Тик-токқа жүктеп (миллионнан астам қаралым жинады), әзіл түсіремін деген қазақ қызына қатысты іс қозғалған болатын. Өзге елдің заңы басқа, менталитеті бөлек. Бүгінде ол қыз Алматыға келгенімен, өзінің ғана емес, елдің атына да сын келтіргендігі анық. Оны өзі кеш түсініп, әлеуметтік желі арқылы кешірім де сұрады.

Сол сияқты ардақтау мен адақтаудың арасында қалып, көпшілік талқысына түскен Қарқаралыдағы Абайға арналған музейдегі журналистердің аузынан шыққан сөздің де ерсі естілгендігі рас. Ол жөнінде автор жазба қалдырып, қалың қазақтың алдында айыпты болғандығын айтқан. Еркін көсіліп, ерсілікке бой алдырып алатын сәт жоқ емес. Бүгінде әр сәт әлеуметтік желінің тұсауында болғандықтан айтқан сөз бен істеген ісіңе аса мән беру керек және не көріп, кімнен не үйрену қажеттігін де зерделеп алған жөн.

Психолог маманы Дана Мырзахметова: «Адам әлеуметтік желіде алған эмоциясын қайтадан алу үшін желіге оралады. Демек, адам әлеуметтік желіде қаншалықты мақұлданса, соғұрлым көп уақытын сонда өткізеді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты адамның қабылдау ерекшеліктерімен де байланысты. Адамның денсаулығы мен психикасына әсер етеді», – дейді.

Өз уақытын аялайтын, келешекке мақсат қойып, соны орындау жолында барын салатын, санасы күні-түні желідегі қызылды-жасылды «жарқылдаған» өмірге құмартпай, ақыл-ойы уланбағандардың бойы сергек, қадамы нық болмақ. Еркіндік барда ерсілік пен есерлікке емес, білім жолына өміріңді арнап, әлемнің сан алуан қызығын тамашалағанға не жетсін?!

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.