ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы шекара басқармасында Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде ерлікпен қаза тапқан шекарашыларды еске алуға арналған салтанатты митинг өтті.
Іс-шараға басқарма офицерлері, келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер, жас сарбаздар мен ардагер шекарашылар қатысты. Салтанатты митинг барысында боздақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, Отан қорғауда жанын қиған жауынгерлер рухына тағзым жасалды.
Митинг аясында сөз алған ардагерлер мен әскери басшылық өкілдері шекарашылардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық ерлігін ерекше атап өтті. Олар 1941 жылдың маусымында жауға алғаш қарсы тұрған шекарашылардың жанқиярлық әрекеттері – бүгінгі бейбіт өмір мен тәуелсіз Қазақстанның іргетасы екенін баса айтты.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға, әскери борыштың маңызын терең сезінуге ықпал етеді. Бұл – шекара қызметінің даңқты тарихын ұлықтауға бағытталған рухани әрі тәрбиелік мәні зор дәстүрдің жалғасы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша департаменті