Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ғылым мен өндірісті ұштастырған

23.07.2026
КҮНДЕРЕК
Ғылым мен өндірісті ұштастырған
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған дәстүрлі «Дала күні» семинары өтті. «Кеңдала» шаруа қожалығында ұйымдастырылған ауқымды шарада заманауи агротехнологиялар таныстырылды. Өңір диқандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, егіншілік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Шараға облыстың ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ғалымдар, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері мен аудан фермерлері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар тамшылатып суару жүйесінің тиімділігімен танысты. Ұшқышсыз ұшу аппараттары минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын алқапқа қысқа уақыт ішінде біркелкі енгізіп, еңбек шығынын азайтып, жұмыс сапасын арттыратыны көрсетілді. Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар су ресурстарын, жанар-жағармай мен химиялық препараттарды үнемдеп қана қоймай, егіншіліктің экономикалық тиімділігін де едәуір жоғарылатады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев мұндай тәжірибелік кездесулердің шаруалар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл алқапта тамшылатып суару технологиясы қолданылды. Семинарға келгендер ауыл шаруашылығының озық тәжірибелерімен танысып, тың ақпарат алады. Алдағы уақытта осы әдістерді өз шаруашылықтарына енгізеді деп сенеміз, – деді басқарма басшысы.

«Дала күнінің» маңызды бөлігі тәжірибелік егіс алқаптарын аралауға арналды. «Кеңдала» шаруа қожалығының 18 гектарлық тәжірибе алқабында маусым нәтижелері таныстырылды. Оның 10 гектарына чипсы өндірісіне арналған жоғары өнімді картоп сұрыптары, қалған 8 гектарына дәндік жүгерінің 5 түрлі тұқымы егілген. Барлық алқап толықтай тамшылатып суару жүйесімен жабдықталып, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың заманауи технологиялары қолданылған.

Шаруа қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаев:

Бүгінде тамшылатып суару жүйесін енгізудеміз. Сонымен қатар қант қызылшасы, дәнді дақылдар, соя, жүгері және картоп алқаптарында гербицидтер мен өсімдіктерді қорғау құралдарын кеңінен пайдаланамыз. Бұл өнім сапасы мен түсімділікті арттыруға оң әсерін тигізіп отыр, – дейді.

Семинар аясында өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіретін отандық компаниялардың өкілдері де өз өнімдерін таныстырды. Олар фермерлерге арамшөптерге, өсімдік аурулары мен зиянкестерге қарсы қолданылатын заманауи препараттардың тиімділігі жөнінде кеңінен ақпарат берді.
«Август – Қазақстан» компаниясының өкілі Ернұр Жүкеннің айтуынша, кәсіпорын қазіргі таңда өсімдік шаруашылығына арналған 120-дан астам өнім түрін шығарады. Олардың қатарында арамшөптермен, өсімдік ауруларымен және өнімділікке әсер ететін түрлі қауіппен күресуге арналған тиімді құралдар бар.

Көксу ауданында егісті күтіп-баптау жұмыстары мен масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны қатар жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау да ауыл еңбеккерлеріне үлкен серпін беріп келеді. Биыл «Кең дала-2» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы сомасы 1 миллиард 403 миллион теңгеден астам қаржыға 63 өтінім қабылданған. Соның нәтижесінде ондаған шаруа қожалығы жеңілдетілген несие алып, көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын уақытылы жүргізуге мүмкіндік алған.

Ғылым мен өндірісті ұштастырып, жаңа технологияларды батыл енгізу ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басты кепілі. Ал тәжірибеге негізделген осындай кездесулер фермерлердің заманауи агротехнологиялардың тиімділігін бағалап, шаруашылықтарына енгізуіне жол ашады. Инновацияға негізделген егіншілік – Жетісу аймағының аграрлық әлеуетін арттырып, мол өнім алудың негізі десек қателеспейміз.

Медет ЖҰМАБАЙ
Мәулімбай ауылы, Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

23.07.2026
Сарқандықтар 12 млн теңгеге жуық грант ұтып алды

Сарқандықтар 12 млн теңгеге жуық грант ұтып алды

23.07.2026
Жетісуда газ құбырын сапасыз салған компаниядан 45,9 млн теңге өндірілді

Жетісуда газ құбырын сапасыз салған компаниядан 45,9 млн теңге өндірілді

23.07.2026
Қазақстан шекарасында 200 адам жалған құжатпен ұсталды

Қазақстан шекарасында 200 адам жалған құжатпен ұсталды

23.07.2026
Тамыз ҰБТ-сына тіркелу басталды

Тамыз ҰБТ-сына тіркелу басталды

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.