Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Қаратал ауданындағы теміржол вокзалы аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысына енгізілген уақытша шектеулер жергілікті кәсіпкерлердің жұмысына қолайсыздық тудырды.

24 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

priziv.online

WhatsAppTelegramFacebook

Атап айтқанда, вокзал маңы толықтай қоршалып, көліктерге тек бір бағытпен кіруге рұқсат етілген. Бұл жағдай бұрын екі бағыт арқылы кедергісіз кіріп жүрген кәсіпкерлер үшін қиындық туғызды. Сонымен қатар вокзал жанындағы алаңда орналасқан мейрамхана, көкөніс түрлерін сататын сауда орны және дәмхана иелері жүк көліктерінің аумаққа кіруінде қиындықтар пайда болғанын хабарлады.

Кәсіпкерлер аудандық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, мәселенің мән-жайын жеткізді. Палата бұл өтінішті назарға алып, шұғыл түрде аудан әкімдігі, прокуратура, полиция бөлімшесі, вокзал әкімшілігі және жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекемемен келіссөз жүргізді.

Атқарушы органдар мен жауапты ұйымдардың жедел әрекетінің нәтижесінде «қозғалысқа тыйым салынған» жол белгісі алынып тасталды. Қоршаулар шегеріліп, жүк көліктері үшін ыңғайлы кіру жолы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда кәсіпкерлер вокзал аумағына еркін кіріп-шыға алады. Бұл шешім бизнестің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді іс-қимылдың нақты дәлелі болды.

Аудандық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға және қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға бағытталған қолдау үшін аудан әкімдігі мен прокуратурасына, полиция бөліміне және атсалысқан барлық тарапқа алғыс білдірді.

А. ЫБЫРАЙ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.