Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

Аймақта «Бір ауыл – бір өнім» жыл сайынғы көрме-жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылған оқыту семинарлары аяқталды. Ол 2023 жылдан бастап өңір кәсіпкерлері арасында белсенді түрде танымал болды.

24 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы
WhatsAppTelegramFacebook

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесі және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен бірлесіп білім беру іс-шараларын өткізді. Семинар облыстың барлық ауданында ұйымдастырылып, оған ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатысты. Жалпы, оқыту семинарларына 200-ге жуық кәсіпкер шақырылды.

Бұл жобаға деген жоғары қызығушылық пен көтерілген тақырыптардың өзектілігін байқатты. Оқыту бағдарламасы жаңа бизнес-бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және кәсіпкерлік дағдыларды нығайтуға бағытталды. Қатысушыларға «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ұсынылатын өнімге қойылатын негізгі талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

– Өнім жергілікті немесе өңірлік шикізаттан жасалуы тиіс. Сондай-ақ, ол аймақтың ерекшелігін аңғартып, мәдени құндылығының бір бөлігін аңғартуы керек. 5 күннен аз сақталатын және тез бұзылатын тауарларды ұсынуға болмайды. Яғни, бұл сақтау және логистика үшін маңызды, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Маржан Болысбекова.

Қатысушыларға өнімдерін көрмеге ұсынуға мүмкіндік берілді. Келушілер қолдан жасалған бұйымдарынан бастап, аспаздық өнердің ерекшелігін түсінуге дейінгі өнімдердің небір түрін таныстырды. Кәсіпкерлер семинарлардың форматы мен мазмұнын жоғары бағалады. Мысалы, Панфилов ауданының бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің семинарларға қатысуы жаңа білім алуға және өз өнімін дұрыс дамытуға деген қызығушылығын арттыруға негізделді. Сондай-ақ, олар оқудан кейін міндетті түрде көрмеге қатысу керегін қажет деп таныды.

Бұл – ауылдарда қандай істер атқарылатынын және өнімдері мен еңбектерін бүкіл өңірге таныстырудың тамаша мүмкіндігі болды. Алакөл ауданының кәсіпкерлері жобаға қатысудың маңыздылығын атап өтіп, көрмеге өз өнімдерін ұсынуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, олар өз өнімдері арқылы жергілікті дәстүрді қалай сақтауға болатыны, тауарға қандай талап қойылатыны, сатып алушы үшін тауарды қалай тартымды етуге болатыны туралы ақпарат алуды түсіндіретін жоба екенін, ендігі кезекте көрмеге қатысуға дайындалып жатқандарын сөз етті.

Облыстық іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы Светлана Оңғарбаева аталған бастамалардың маңыздылығына тоқтала отырып, кәсіпкерлік қоғамдастықтың белсенділігі жыл сайын жоғарылап, іс-шараларға қызығушылықтың арта түскенін, нәтижесінде кәсіпкер өзіне пікірлес адамдар тауып, тәжірибе алмасуға жол ашылғанын, мұның бәрі өңірдің тұрақты дамуына үлес қосатынын айтты.

Өңірдің кәсіпкерлік қоғамдастығы үшін өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын бағалаған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев: «Осындай бастамаларды жалғастыру маңызды. Біз әр ауданнан келген кәсіпкердің өз ауылының бірегей ерекшелігін сақтай отырып, өнімді ұсынбас бұрын өз брендтерін қалыптастыратынын байқаймыз. Мұндай жобалар жергілікті жерлерде шағын бизнестің дамуын ынталандырады және бүкіл облыс экономикасына үлес қосады. Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да бизнес пен қоғамдастық үшін нақты нәтиже беретін бастамаларды қолдайтын болады», – деді.

Бүгінгі таңда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне қатысуға 60-қа жуық өтінім келіп түскен және олардың саны өсуде. Яғни бұл жобаның бизнесті қолдау мен ілгерілетудің нақты құралына айналғанын көрсетеді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.