Талдықорған: +41°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кемшіліктер түзетілді

23.10.2025
КҮНДЕРЕК
Кемшіліктер түзетілді

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімі Ернат БӘЗІЛ ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар нысанды аралап, қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.

Алғашқы аялдама – «Үш ата» ескерткіші. Естеріңізге сала кетейік, бұл ескерткіш 2006 жылы қазақ халқының біртуар тұлғасы – Ескелді би, Балпық би және Қабылиса жырауға арналып орнатылған. Осы айдың басында облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ нысанды аралау кезінде мердігер компания «Қыран құрылысшы» ЖШС-на жөндеу жұмыстары барысында кеткен бірқатар кемшілік пен аяқталмаған тұстарды түзету қажеттігін ескерткен еді. Осы жолы қала басшысы мен қоғамдық кеңес мүшелері де сол мәселелерге ерекше назар аударды.

«Қыран құрылысшы» ЖШС басшысының орынбасары Аслан Бекеновтің айтуынша, ескерткіш маңы толық жаңартылған. Баспалдақ кафельдері мердігердің өз есебінен қайта төселген. Ескерткішке бояу жүргізіліп, бастапқы келбеті қалпына келтірілген.

Жұмысқа екі бригада қатыстырылған. Бірі – гранитпен, екіншісі – тас төсеу ісімен айналысады. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Тек ескерткіш маңын абаттандыру мен қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде.

Келесі нысан – Қабанбай батыр ескерткіші. Мұнда да толық реставрация жасалған. Ардагерлер атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп:

– Республика күні қарсаңында қаламыздың ажары кіріп келе жатқанына қуаныштымыз. Маңызды тарихи орындар жөнделіп, жаңарып жатыр. Ескерткіштерге жасалған бұл жұмыс үлкен құрметтің белгісі. Еңбегі сіңген барша азаматқа алғыс айтамыз, – деді ардагер Тұрсынбай Галинов.

Оның ойын ардагер журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін де қолдап:

– Президентіміз әрдайым «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат!» деп атап өтеді. Ұлы бабаларымыз осы ұлы құндылық жолында жанын қиған. Сол ерлікті ұмытпай, ұрпаққа насихаттау – біздің парызымыз. Өткенге тағзым – елдің рухани байлығының бастауы, – деді.

Соңғы нысан – қаланың 8 шағын-ауданындағы жаңа саябақ. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, мұнда тұрғындарға арналған қолайлы демалыс аймағы салынып жатыр. Өткен жылы жобасын «Шымгорпроект» ЖШС әзірлеген. Құрылыс жұмыстарын «Нурали комфорт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны шамамен 270 миллион теңгені құрайды. Ол шағынауданның орталық бульварының екі жағында орналасқан. Қазіргі уақытта аумақ абаттандырылып, шағын сәулеттік формалар орнатылған, автосуару жүйесі тартылған. Енді көгалдандыру жұмыстары атқарылмақ.

«Бірлік» шағынауданының тұрғыны Назгүл Әбілғайсанова жаңа саябақтың бой көтеруіне ризашылығын білдіріп:

– Бұл жаққа көшіп келгеніме 4 жыл болды. Енді дәл үйімнің қасында әдемі саябақ пайда болады. Таза ауада серуендейтін, демалатын орын бар. Қасында мектеп те жақын. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға үлкен алғыс білдіремін, – деді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

29.06.2026
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

29.06.2026
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

29.06.2026
Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.