Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Күнге күймей, дертке шалдықпай жазды қалай өткізуге болады?

20 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Күнге күймей, дертке шалдықпай жазды қалай өткізуге болады?

rnovosti.info

WhatsAppTelegramFacebook

Жаздың шіліңгір аптабында ағзаға түсетін салмақ артады. Ыстық ауа райы адамның қан айналымын, жүрек жұмысын, тері және ішкі ағзалар қызметін өзгеріске ұшыратады. Сондықтан аптап күндері әрбір адам өзінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға тиіс.

Ең алдымен, күннің ең ыстық уақыты – сағат 11:00 мен 17:00 аралығында далада жүруден барынша бас тарту қажет. Бұл кезеңде күн сәулесі ультракүлгіннің ең белсенді толқындарын бөледі, ал ол теріге, көзге және қан қысымына қатты әсер етеді.

Далаға шығу қажет болса, міндетті түрде жеңіл, ашық түсті, кең киімдер кию керек. Мата табиғи – мақта немесе зығыр болғаны дұрыс. Басыңызға кең жиекті бас киім киіңіз немесе күнқағар пайдаланыңыз. Көзді күн сәулесінен қорғайтын сапалы көзілдірік те маңызды.

Ағзада су теңгерімін сақтау үшін жеткілікті мөлшерде таза су ішу қажет. Шөліңізді басу үшін газдалған тәтті сусындар немесе салқын кофе емес, кәдімгі су, көк шай, морс, айран, сарысу секілді пайдалы сұйықтықтар ішкен жөн. Бір күнде кемінде 2–2,5 литр су ішу ұсынылады.

Аптап кезде майлы, ащы, қуырылған тағамдардан бас тартқан абзал. Ағзаға жеңіл, сіңімді және суы мол тағамдар керек. Көкөніс пен жеміс-жидекті көптеп тұтынып, балмұздақ немесе мұздатылған тағамдармен шамадан тыс әуестенбеген дұрыс.

Ауа температурасы жоғарылаған сайын жүрек пен қан тамырларына артық күш түседі. Бұл әсіресе қарт адамдар мен қан қысымы жоғары, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан жандар үшін қауіпті. Мұндай кезде дәрі-дәрмектеріңізді өзіңізбен бірге алып жүру, алдын ала дәрігермен кеңесу қажет.

Балалар мен қарт адамдарды аптапта күн астында ұзақ ұстауға болмайды. Олардың ағзасы жылуды реттеу қабілетіне әлсіз, сондықтан күн өту, қан қысымының көтерілуі, әлсіздік секілді жағдайлар жиі кездеседі.

Автокөлікте кондиционер қосулы болса да, ұзақ уақыт отыруға болмайды. Температура айырмашылығы ағзаға кері әсерін тигізеді. Сол секілді салқындатқыш құрылғыны бірден қатты қоспай, біртіндеп қосу ұсынылады.

Егер өзіңізде немесе жанындағы адамда бастың айналуы, жүректің айнуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы сияқты белгілер байқалса, бұл күн өту немесе ыстықтың әсерінен болуы мүмкін. Ондай жағдайда дереу көлеңкеге немесе салқын жерге жеткізіп, су ішкізіп, басына дымқыл сүлгі қою керек. Қажет жағдайда «Жедел жәрдем» шақыру қажет.

Аптап күн тек жайсыздық тудырып қоймай, кейде өмірге қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын ескеріп, өзіңізді, жақындарыңызды қорғай білген маңызды.

7-su.kz/Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.