Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЛТТЫ ҚҰРМЕТТЕУ – ІЗГІЛІКТІҢ ТӨРЕСІ

1 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
ҰЛТТЫ ҚҰРМЕТТЕУ – ІЗГІЛІКТІҢ ТӨРЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағы. 1944 жыл. 23-ақпан. Сағат түнгі 2-де Чешен-Ингуш АССР аумағынан мәжбүрлі түрде 500 мың ингуш, чешендер пойызға отырғызылды. Алаңсыз жұрт абдырап қалды. Лаврентий Берияның құзырындағы НКВД және «СМЕРШ» жендеттері еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін қараған жоқ. Қалың нөпірді пойызға лық толтырды. Осылайша қақаған қыста осынша адамды Қазақстан, Қырғыз Республикасы аумағына төкті. Бұл «Чечевица» операциясы еді.

Дәл осындай астыртын саяси операциялардың лаңымен Қазақ даласына біршама ұлт өкілі келді. Қандықол билік ешкімді аяған жоқ. Қазір бейбіт заман. Қазақстан тәуелсіз ел. Шетелде өмір сүріп жатқан сол ингуш пен чешеннің өкілдері 24-ақпан мен «Чечевица» операциясын көзіне жас алып еске алса, осы күні тірі жүргеніне, ата-бабасының аман қалғанына қазақ халқына жиі алғыс білдіреді. 

Бұл бір ғана мысал. Қазақстанның аумағына қандықол коммунистердің шешімімен талай ұлт айдауға жіберілді. Мақсат – белгісіз, бір болжам ұлт ретінде жою болғандай. Әйтпесе, қыстың қытымыр шағына қарамай қара далаға адамды үй-күйсіз тастау нағыз азап емес пе? Сонау зұлматты соғыс кезінде кіндік қаны тамған жер бесігінен ажырап, қорлық пен зорлықтан, аштық пен қиянаттан қажып жетті. Ал қазақ қайдан келдің демеді. Жатырқамады. Бір нанды бөлісіп жеп, мейірімін төкті. Бәрін адам қатарына қосты. Қазақтардың мұндай дарқандығын, мейірбандығын көрген жұрт ел қатарына қосылды. Әлі күнге дейін қазақпен бірге жасасып келеді. Әлі күнге алғысын білдіріп келеді. 

Қазір Қазақстан егемен ел. Қазыбек бише айтқанда, «ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Сондай елде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 2016 жылы 1-наурыз Алғыс айту күні деп белгіленді. Халық арасында бірлік пен татулық мерекесі аталып келген айтулы күн қилы тарихты басынан кешірген Қазақстан халқының бір-біріне деген ілтипатын білдіретін, бауырмалдық пен сыйластықты арттыратын саяси тетік еді. 

Әрине, алғыс айтқан дұрыс. Рахметті естіген жақсы. Дейтұрғанмен, Алғыс айту күнін отбасылық мерекеге айналдырып жібергендейміз. Әке-шешеге, ата-әжеге, бауырға һәм балаға алғыс білдіріп жүрміз осы күні. Оның идеологиялық мәнін ысырып қойғандаймыз. Қазақ даласына ешкім еріккеннен келген жоқ. Айдаумен, қудалаумен келді. Дейтұрғанмен, сондай сәтте баба жұрт қорғансызға қамқор болды, қолындағысымен бөлісті. Осы үшін алғыс айтылуы керек!

«Буынсыз жерге пышақ ұру» ойда жоқ. Алғысты жұрт не үшін айтады? Тек көмек қолын созған жанға ілтипат білдіру керек пе? Әрине, адамды адам құрметтегеннен алғаусыз алғыс білдіреді. Жылнамаға оралайық, соңғы бірер жылдың өзінде қазақтың тілін, дәстүрін, таным кеңістігін мазақ еткендер болды. Ақты «көк» демейік, домбыраны сындырды, сәукелені келемеждеді, тіпті, туған тілімізді маймылдың шүлдіріне де теңеді талайлар. «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін»,  деген тәмсілдегі қарға тамырлы қазақ емес, әрине. Ұлан-ғайыр атырапты мекендеген қазіргі әрбір қазақстандық қазақтың тілін, ділін, дінін құрметтесе, кемсітпесе одан асқан алғыс жоқ. Қазақ тілінде сөйлеп, салт-дәстүрімізді ұлықтаса, нұр үстіне нұр. Алғыс айту күнінің негізгі мәні де, мәйегі де осы емес пе?!

Дастанбек САДЫҚ
Фото: amal-bio.com 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.