Металды өңдеу – бұл ғылым, физика және дәл есеп. Бірақ ең бастысы – адам. Отпен, температурамен және уақытпен басқаруды білетін адам. Металлургия – бұл жоғары технологиялар мен зор адамдық еңбек ұштасатын салалардың бірі.
Шілденің үшінші жексенбісінде Қазақстанда ғылым мен стихия тоғысқан салада еңбек ететін жандардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Олар – беріктік пен сенімділікті, экономикадан бастап қорғанысқа дейінгі барлық салаларға негіз болатын материалды жасайтын жандар.
Алда келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтаймыз! Еңбегіңіз лайықты бағалансын. Себебі әр грамм металлдың артында – сіздің күшіңіз, қуатыңыз бен ақылыңыз тұр.
Айжан МҰРАТОВА
Алакөл ауданының баспасөз хатшысы





