Талдықорған: +32°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025
КҮНДЕРЕК
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

gd.ru

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев Салық кодексі талқыланғанда депутаттарға бизнес өкілдері жүгінгенін, олардың үкіметпен кейбір мәселелерде келіспегенін айтты. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау және оларды тарту тетіктері бойынша палатада қызу пікірталас өтті. Осылайша сенаторлар құжатқа бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізуді қажет деп тапты. Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент депутаттары шаруа немесе фермер қожалықтарының табыстарына қатысты жеке табыс салығын прогрессивті түрде енгізуді ұсынды.

«Бірдей тәсілді қамтамасыз ету мақсатында шаруа немесе фермер қожалықтары экономиканың өзге саласында жұмыс істейтін, жеке кәсіпкерлермен тең дәрежеде қаралатын субъектілер екенін ескере отырып, олардың 230 мың айлық есептіктің көрсеткіштен (АЕК) асатын (904 360 теңге) табысына 15 пайыздық мөлшерлемемен жеке табыс салығын салуды көздеу ұсынылады. Алайда 70% көлеміндегі қолданыстағы жеңілдікті ескерсек, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4,5% болады», – делінген сенаторлар қорытындысында.

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) биржасы арасындағы салықтық арбитражды болдырмау мақсатында, KASE-де айналыста жүрген бағалы қағаздардан түскен дивидендтерге байланысты азаматтардың табысына жеке табыс салығынан босату түріндегі салықтық жеңілдік ұсынылады.

Төлем карточкаларына қатысты операцияларды қосылған құн салығынан босату жөніндегі жеңілдік сақталады. Сенаторлар бұл жеңілдікті сақтау қажет екенін атап өтті, себебі халықаралық төлем жүйелерімен жұмыс істеуде қиындықтар туындауы мүмкін және картамен төлем жасау кезінде транзакциялар құнының өсуіне әкелуі ықтимал.

Сән-салтанат заттарына салық салу бойынша жеке нормалар енгізіледі. Сән-салтанат салығын тек жеке тұлғалар төлемек. Бұл ретте көлік құралдары, кемелер және ұшатын аппараттар сияқты сән-салтанат заттарына салық тек импорт кезінде ғана емес, ел ішінде сатылған жағдайда да салынады, егер олардың құны шекті сомадан асатын болса (көліктер үшін – 75 миллион теңгеден жоғары, кемелер мен ұшақтар үшін – 100 миллион теңгеден жоғары).

Мемлекеттік бағалы қағаздармен байланысты табыстар үшін резидент емес тұлғаларға арналған қолданыстағы салық жеңілдігін сақтау ұсынылады.

Сондай-ақ Салық кодексіне мынадай толықтыру енгізу ұсынылды: салық салу объектісіне, салық базасына, салық төлеушілер (салық агенттері) санаттарының ұлғаюына, шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тастауға немесе азайтуға қатысты өзгерістер биыл 1 шілдеден кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан ерте енгізілмеуге тиіс.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған болжамды сәйкессіздіктер туралы хабарламаны салық төлеуші орындамаған жағдайда, электронды шот-фактураны тоқтату нормасы қарастырылып отыр. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың табысынан ұсталатын әлеуметтік аударымдар үшін жеке тұлғаға салықтық шегерім беру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Қызметкерлерінің саны10 немесе одан көп мүгедектігі бар адамдардан тұратын кәсіпорындарда тауарлар, жұмыстар, қызметтер өткізу айналымы қосылған құн салығынан босатылады. Отандық мерзімді баспасөз басылымдарын өткізу айналымына қосымша құн салығының мөлшерлемесін 10% деңгейінде белгілеу ұсынылды.

Бірінші санаттағы өмірді қамтамасыз ететін объектілер үшін қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем мөлшерлемелерін қолданыстағы деңгейде сақтау ұсынылады. Салық салу мақсатында арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы үшін өтеусіз берілген мүлік құны салық салынатын табыс ретінде есептелмейді деген ұсыныс енгізілді. Қазақстан аумағында жасалған және халықаралық іскерлік операциялармен тікелей байланысты халықаралық мәмілелер бойынша зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табыс «Трансферттік баға белгілеу туралы» заң ережелеріне сәйкес айқындалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу айналымын қосымша құн салығынан босату туралы қолданыстағы норманы алып тастау ұсынылды. Сондай-ақ кодекстегі өзара байланысты нормалар мен заң техникасы қағидаларына қатысты түзетулер енгізілді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.