Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Олжас Бектенов әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты

11.07.2025
КҮНДЕРЕК
Олжас Бектенов әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты
WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда құқықтық жүйенің негізгі бағыттарына цифрлық шешімдерді енгізу қарқынын пысықтау, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу барлық саланың даму тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы күні кеше іске қосқан суперкомпьютер еліміздегі цифрлық дамудың жаңа парағын ашып отыр. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, сондай-ақ, аймақтағы ең қуатты есептеп шығару құрылғысы. Оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Сондықтан барлық ведомстволар осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланың цифрлық трансформациясы және жаңа сервистерді енгізу туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, «E-нотариат» жүйесінде 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап «Тараптардың жеке кабинеті» пайда болды. Функция борышкерге атқарушы жазбаға онлайн режимде келісім немесе қарсылық білдіруге мүмкіндік береді. Биометриялық сәйкестендіру және аумақтылықтың сақталуын бақылау қамтамасыз етіледі. Осы сервисті енгізудің арқасында 450 мыңнан астам азамат хабарлама алды, оның ішінде 43 мыңнан астамы қарсылық білдіру мүмкіндігін пайдаланды. Нәтижесінде осы бағыт бойынша шағымдар саны 20%-ға қысқарды.

Атқарушылық іс жүргізу саласында «Цифрлық ассистент» көмекшісі енгізілді. Жүйе қаулыларды бақылауға және қарызды онлайн төлеуге мүмкіндік береді, жеке сот орындаушылары (ЖСО) үшін орындау мерзімі туралы еске салу функциясы енгізілді. Сонымен бірге ЖСО-лар арасында атқарушылық құжаттарды автоматты түрде бөлу тетігі іске қосылды, бұл заңсыз уағдаластықтар мүмкіндігін болдырмайды және әкімшілік жүктемені азайтады.

Ерлан Сәрсембаев сондай-ақ «Е-Сараптама» жүйесінде тірі адамдарды куәландыру бойынша пилоттық модуль іске қосылғанын хабарлады. Мұндай цифрлық шешім ұйғарым беруді және тексеру шаблондарын пайдалануды автоматтандыру есебінен сот сараптамаларының сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл модульдің адами факторды азайту және ашықтықты арттыру мақсатында жасанды интеллект функцияларын пайдаланатын жаңа нұсқасы әзірленуде.

Халыққа құқықтық көмек көрсету шеңберінде осы жылдың мамыр айынан бастап «Әділет» және «Е-Заң көмегі» жүйелерінде жасанды интеллект базасында «Цифрлық консультант» іске қосылғаны атап өтілді. Сервис азаматтарға типтік үлгідегі құқықтық сұрақтар бойынша автоматты түрде ақыл-кеңес береді, осылайша мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады.

Сондай-ақ құқықтық нормалар шығармашылығы саласында да цифрлық шешімдер әзірленуде. Министрлік авторлық құқықтарды ұжымдық негізде басқару үшін зияткерлік меншік бойынша Бірыңғай цифрлық платформа құру туралы заң жобасына бастамашылық жасады. Сервистің тұсаукесері 2026 жылға жоспарланған.

Премьер-министр әділет органдарының еліміздің құқық жүйесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Құқықтық рәсімдердің ашықтығын, қолжетімділігі мен жеделдігін арттыратын заманауи құралдарсыз тиімді құқық қолдану практикасын жүзеге асыру мүмкін еместігі атап өтілді. Бұл салада цифрлық шешімдерді енгізу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ерекше маңызға ие.

«Мемлекет басшысы барлық салаларды цифрландырудың тұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Үкімет мемлекеттік органдарда жасанды интеллект технологиясын енгізуге кірісті. Бұл жұмыс барлық жерде жүргізілуде. Әділет органдарын цифрландыру – бүгінде құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы. Бізге жедел, ашық және тиімді құқықтық шешімдер қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр цифрлық шешімдерді жүзеге асыру адам игілігіне бағытталған қағидатқа негізделуге тиіс екендігіне назар аударды. Бұл азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша жасанды интеллектті қолдануды кеңейтуге, жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге және әділет саласындағы заңнамалық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

16.03.2026
Қаржылық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қаржылық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.