Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өңірлерді өркендету өзекті

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аймақтағы 3-ші бөлімшеге барып арнайы кездесу өткізді. Ашық пікір алмасу негізіне өткен жүздесуде өңір тұрғындары ауылға жол салу, жарықтандыру бойынша бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салып, өз өтініштерін жеткізді.

27 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Өңірлерді өркендету өзекті
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл жұрты қойған әр сауалды мұқият тыңдап, нақты жауап берген шаһар басшысы бұл жолғы айтылған барлық өтініштердің шешу жолдары жан-жақты қарастырылатынын жеткізді. Осыдан соң ол өңірдегі ауыл-аймақты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, биыл атқарылатын жоба-жоспарларымен де бөлісті.

 Ернат  Дүйсенбекұлының сөзінше, өткен жылғы кездесуде бұл бөлімше тұрғындары тарапынан түнгі жарық жетіспеушілігі, жол сапасы мен көше атауларының жоқтығы туралы біраз мәселелер көтерілген. Түскен өтініштерге сай көп өтпей  мұндағы көшелерге Жетісу өңірінен шыққан Кеңес Одағының батырларының есімі беріліп, жол салу жұмыстары қолға алынып, электр бағаналары орнатыла бастаған. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы бөлімше аумағындағы жалпы ұзындығы 2,6 шақырым 4 көшеге асфальт төселсе, биыл 6 шақырымдық  7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, келер жылы тағы 9 көшеге жол салу жоспарланған.

 – Мемлекет басшысының тапсырмасына сай өңірлерді өркендету өзекті. Осыған байланысты биылғы жылы 3-ші бөлімшеде инфрақұрылымдық жұмыстар аясында жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын 20 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл міндетті «РСУ 1» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда.  Ал, кезең-кезеңге бөлініп жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар осы бөлімше тұрғындарын көп жылдан бергі жол машақатынан біртіндеп арылтатын болады,– деді шаһар басшысы.

Еске сала кетсек, Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты 3-ші бөлімшеде бүгінде 150-ден астам отбасы ірге тепкен. Қазіргі кезде елдімекеннің жол инфрақұрылымын жақсарту, түнгі жарық, ауыз су, газ және кәріз жүйелерін ретке келтіру, қоғамдық көлікпен қамту жұмыстары жалғасуда.

                                                                                                                                                  Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.