Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Полиция – балалардың қорғаны»: 5514 әскери бөлімінде балаларға арналған ашық есік күні өтті

23 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
«Полиция – балалардың қорғаны»: 5514 әскери бөлімінде балаларға арналған ашық есік күні өтті

mtrk.kz

WhatsAppTelegramFacebook

23 мамыр күні— Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінде «Полиция – балалардың қорғаны» республикалық акциясы аясында бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға «Жас бүркіт» сыныптарының оқушылары мен әскери қызметшілердің балалары қатысты. Іс-шара Жетісу облысы Полиция департаментімен бірлесе өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты — құқық қорғау органдары мен әскери құрылымдардың жас ұрпақпен байланысын нығайту, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен мемлекеттік рәміздерге, әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру болды.

Күннің алғашқы бөлігінде балалар үшін ашық есік күні ұйымдастырылып, олар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Әскери техника, қару-жарақ көрмесі мен қызметтік бөлмелерді аралаған оқушылар әсерлі сәттерге куә болды.

«Отбасылық құндылықтар үйлесімділігі» атты конкурс-ойын бағдарламасы ерекше көңіл-күй сыйлап, отбасы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Балалар мен ата-аналар бірігіп түрлі тапсырмалар орындап, сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

Кештің көрігін «Живая музыка» атты музыкалық флешмоб қыздырды. Патриоттық әндер мен көңілді әуендер шырқалып, балалар мен әскери қызметшілер ортақ көңіл-күймен бірікті.

Соңғы бөлімде «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты профилактикалық танымдық кездесу өтті. Полиция қызметкерлері балаларға олардың құқықтары, қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық тәртіптің маңызы туралы түсінікті тілде әңгімеледі.

Іс-шара соңында әскери бөлім басшылығы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, мұндай тәрбиелік маңызы зор кездесулер жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік қалыптастыруға сеп болатынын атап өтті.

5514 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.