Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаламгерлер қуанышы

Қаламын қоғам құндылығына, ұлт рухына, халық мұратына жалау еткен журналистер қашанда құрметке лайық. Билік пен халық арасында алтын көпірлік қылып, ұлт пен ұлыстың, ел мен бұқараның мүддесі үшін «алтын арқалап, жантақ жеген» тілшілердің көксегені елдік, мемлекеттілік, Қазақстанның көсегесі көгеріп, өркенінің өсуі. Өз мүддесінен қоғамдық, ұлттық һәм елдік мүддені жоғары қоятын жетісулық журналистерді облыс әкімі Бейбіт Исабаев Бикен Римова атындағы драма театрда құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаламына арқау етіп жүрген бірқатар қаламгерлерді марапаттады.

27 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қаламгерлер қуанышы

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Салтанатты шарада Бейбіт Өксікбайұлы Жетісу өңірі өз алдына дербес облыс болып, іргесі бүтінделгелі серпінді дамуға қадам басқанын, бұл ретте журналистердің өркендеу тенденциясына өзінше үн қосқанын қадап айтты.

– Қоғамды жаңа талаптарға сай дамытуда, билік пен қоғам арасында конструктивті диалог орнатуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айрықша. Технология өркендеп, ақпарат тарату форматы жаңарды, әлеуметтік желі, блог мәдениеті дәстүрлі медиамен қатар өмір сүріп келеді. Бірақ қай кезде де әділетті орта, жаңа қоғам құру жолындағы адал қызмет журналистиканың басты миссиясы болып қала береді. Ашық қоғам, таза бәсекелестік жағдайында сындарлы көзқарас, бұл, әрине, заңды. Дегенмен қай кезде де шыншыл ақпарат, сындарлы ұстаным, мемлекет тұтастығы, ел мүддесі алдыңғы орында тұруы тиіс. Жетісу облысының серпінді дамуына журналистер қауымының да қосқан үлесі аз емес. Бұл ретте біздің Жетісу өлкесі – қазақ журналистикасының өркендеуіне үлес қосқан талантты қалам иелерінің мекені, – деді аймақ басшысы.

Мұнан соң жыл көлемінде еңбегімен дараланған журналистер марапатталды. «Жетісу» телерадиокомпаниясының жаңалықтар бөлімі қазақ редакциясының бас редакторы Гүлжанат Мақұлжановаға «Құрмет» орденін, «Жаркент өңірі» газетінің фототілшісі Жұмағазы Бейсебекке «Ерен еңбегі үшін» медалін, Қазақстан Журналистер одағы Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Мейрам Жанаділовке «Еңбек ардагері» медалін табыстады. «Жетісу» телеарнасының бас редакторы Антон Хатеновский, «Вестник Жетісу» газетінің бөлім редакторы Бейбіт Мамлеев, «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін кеудесінде жарқыратты. Жиында сөз алған Гүлжанат Мақұлжанова салаға білдірген қолдауы үшін облыс басшылығына алғыс білдірді.

– Мемлекет басшысы айтқандай, әлемде болып жатқан күрделі геосаяси, геоэкономикалық жағдай шиеленіскен тұста әрбір журналистің ағартушылық миссиясы алға шығады. Ақпараттық майданда халыққа дұрыс саяси бағдар беру басты парызымыз. Сол міндетті қазіргі қаламды қару еткендер жүйелі жүзеге асыруда. Облыс өз алдына шаңырақ көтергелі әрбір әріптесіміз өңірдің дамуына өзінше үн қосып келеді. Осындай қолдаулар әрбір журналисті қанаттандырады, – деді ол.

«Jetіsý» газеті сапынан фототілші Жұмабай Мұсабеков ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасын иеленсе, басылымның жауапты хатшысы Еңлік Кенебай, бөлім редакторы Айдар Қалиев Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, бөлім редакторы Асыл Сұлтанғазы облыс әкімінің алғыс хаты мен марапатталды. Ал, «Jetіsý» газетінің сайт редакторы Қозыбай Құрман «Құлагер» байқауында «Үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.